Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азық – түліктер. Дәрумендер.

09 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Валеология
Тақырыбы: Азық – түліктер. Дәрумендер.
Мақсаты: Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Сергіту сәтін қайталау.
Қостілдік құрам: Азық – түлік – продукты, дәрумендер – витамины, аспазшы – повар

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
- Балалар, бүгін бізге
қонаққа аспазшы апай қонаққа келді. Аспазшы бізге тамақтың иісіне, түсіне қарап ажыратуды және дәрумендердің пайдасы туралы әңгімелеп береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Балалар, азық – түліктер дегеніміз не?
- Азық – түлікке нелер жатады?
- Балалар, азық – түліктерді
түсіне, дәміне, иісіне қарап ажыратамыз.
- Азық – түлік түрлеріне
ұннан жасалған тағамдар, ботқалар, кеспе жатады. Тамақтарды ішпестен бұрын оның дәмін, иісін иіскеп қарап ішу керек. Егерде тамақтан жағымсыз иіс шығып, дәмі біртүрлі болса ішпеген жөн. Ондай тамақтардан уланып қалуларың мүмкін.

- Ал, дәрумендер
дегеніміз – тамақтың құрамында болатын, адам ағзасына өте маңызы бар заттар. Дәрумендер әсіресе жемістердің құрамында өте көп болады. Сондықтан күнделікті тамақта жемістерді көп пайдалану керек. Және оларды мұқият жуып жеген жөн. Дәрумендер адам ағзасына өте пайдалы. А, С, В, Д, Е дәрумендері болады.
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алап қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дидактикалық ойын:
«Дәмін ажырат»
Мақсаты: балаларға тағам түрлерін дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Ойын шарты: Көздерін жұмып, тағам түрлерін дәмін тату арқылы ажыратады.
Тәрбиеші: Сундетова Н. Д.
Азық – түліктер. Дәрумендер. жүктеу
3 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық – түлік – Продукты
Азық – түлік – Продукты
Жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу
Азық - түліктер және дәрумендер!
Азық - түліктер және дәрумендер!
Балаларға азық – түлік және пайдалы дәрумендер туралы түсінік беру. Балаларға тағамдарды дұрыс, ұқыпты жеуге, тамақтанудың маңызын үйрету.
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Ас - адамның арқауы
Ас - адамның арқауы
Балаларға азық – түлік туралы түсінік беру. Оларды танып білуге, атын атауға, дәмін, пішінін ажырата білуге үйрету
Азық - түліктер және дәрумендер!
Азық - түліктер және дәрумендер!
Балаларға азық – түлік және пайдалы дәрумендер туралы түсінік беру. Балаларға тағамдарды дұрыс, ұқыпты жеуге, тамақтанудың маңызын үйрету.
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×