Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар

01 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сауықтыру жұмысы
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар

1. Керуеттегі жаттығулар
Оянайық бәріміз.
Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,
Іштеріңді тартыңдар,
Көңіл күй көтерілді,
Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,
Жұдырықты қысыңдар,
Енді біраз ашыңдар,
Керіліңдер, созылыңдар,
Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.

2. Керует жанындағы жаттығулар
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық,
Ұйқымызды ашайық.
- Б. қ. қол белде: басты оңға, солға, алға, артқа бұру.
- Б. қ. кезекпен оң қолды және сол қолды кезекпен көтеру.
- Б. қ. оң жаққа және сол жаққа бұрылу.
- Б. қ.: қолды аяқ ұшына жеткізу, бастапқы қалыпқа келу.
Бір орында жүру, ұйқы бөлмеден аяқ ұшымен шығады.

3. Шынықтыру шарасы.
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан - тасқа секіріп
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі
Массаж жасау білеміз.
Арнайы жолдармен жүру.

4. Демалуды қалыпқа келтіру
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!
Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар жүктеу
2 650
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Орында тұрып ұзындыққа секіру
Орында тұрып ұзындыққа секіру
Оқушыларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, әсемдікке тәрбиелеу
Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары
Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары
Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартуына, көздерін дем алтуға, балалардың арқалары, қолдарындағы, табандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату.
60 метр қашықтыққа жүгіруді дамыту
60 метр қашықтыққа жүгіруді дамыту
6 сыныпқа арналған жеңіл атлетикадан сабақ жоспары
Жеңіл атлетика. Бір орыннан ұзындыққа секіруді үйрену
Жеңіл атлетика. Бір орыннан ұзындыққа секіруді үйрену
Жеңіл атлетика. Бір орыннан ұзындыққа секіруді үйрену Оқушылардың қимыл - қозғалысын арттыру, секіруге үйрету.
Гимнастика саптық жаттығулар
Гимнастика саптық жаттығулар
БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Калмияров Жансерік Қайратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×