Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Экологиялық кітапхана»

12 маусым 2020, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру» «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Экологиялық кітапхана»
Мақсаты: Балалардың табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат тазалығын сақтауға оны қорғауға үйрету. Қоршаған ортадан экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар, тыйым сөздер, ой - өрісін дамыта отырып, сүйіспеншілігін арттыру. 
Билинвальды компонент: күн - солнце, ауа - воздух, жер - земля.
Оқу іс - әрекет әдістері: әңгімелесу, түсіндіру, суретпен слайдпен жұмыс, жұмбақ шешу, дид - қ ойын.
Көрнекілігі: Табиғат туралы суреттер - слайд, интерактивті тақта.
Шаттық шеңбер:
Армысың асыл күн
Армысың жер ана
Армысың достарым
Жылулыққа жылу қос
Міне менің қолым.
Өте тамаша біз бір - бірімізге жақсы көтеріңкі көңіл сыйладық.
Жұмбақ жасыру.
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа).
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады.
 (Күн).
Зер – зер кілем, зер кілем
Көтерейін десем зор кілем.
 (Жер).
 «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
Балалар табиғат дегеніміз - ол бізді қоршаған орта. Оған айналамыздағы заттардың барлығы жатады. Табиғат дегенімз ол ағаш та, гүл де, өзен, көл де, тау мен тас та. Бұлардың бәрі табиғат бөлшектері. Табиғат қандай әсем де, сұлу болса да, біз де сондай әсем сұлумыз. Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз. Табиғат аясында демаламыз, серуендейміз. Табиғатты қорғаймыз, аялаймыз, одан көп қуаныш аламыз. Табиғат біздің досымыз. Табиғат екіге бөлінеді тірі және өлі (слайд көрсету)
Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады (көбейеді)
Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар, жәндіктер жатады.
Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, көбеймейді. Олар – су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. Сондықтан олар бір - бірімен тығыз байланысты.
(ғажайып сәт) Осы кезде Дымбілмес келеді. Қолында рогатка, сіріңке бар..
Балалар амандасады.
Мен Дымбілмеспін, мен сендермен ойнайын деп келдім, Менімен бірге орманға саяхатқа шығайық менің қарным ашты, қазір от жағып тамақ дайындайық.
Т: балалар Дымбілместін айтуы дұрыспа орманда от жағуға боладыма?
Б: Жоқ болмайды ағаштар жанып кетеді құстарға, жануарларға, жәндіктерге зиян келеді.
Дімбілмес: онда құстарды атып ойнайық.
Балалар Дымбілмеске экологиялық мәдениет жайлы түсіндіреді. От жағуға, қоқыс шашуға, суды ластауға, құсты атуға болмайды.
Т: балалар бүгін біз кітапханаға саяхатқа шығамыз Дымбілместі бірге саяхатқа шақырайық.
Балалар кітапхана алыста болғандықтан биздер көлікпен барамыз бизге жолда көңілді болу үшін өлең айтып барайық.
Тәрбиеші: - Міне балалар кітапханаға келдік. Балалар кітапханада дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды тыныштық сақтау керек. Кітаптарды рұқсатсыз ұстауға жыртуға болмайды.
Балалар кітапханада көптеген қызықты кітаптар суреттер болады. кітапхана бөлмесінде әдемі гүлдер балықтар бар.
Гүлдер бөлменің ауасын тазартып, кейбір ауруларды емдеуге өте пайдалы, бөлмені де әсемдейді.
Гүлдерді көріп тамашалайды.
Сергіту сәті:
Ойын: «Не дұрыс, не бұрыс»
Т: қандай ақылды мейірімді балаларсыңдар.
Т: балалар табиғат жайлы тақпақ мақал - мәтел білесіңдер ме?
Балалар: гүл, балық, ағаш табиғаттар туралы тақпақтар айтады.
Балаларды мадақтау.
Ұжымдық жұмыс «Кітаптарды жасау».
Дымбылмеске кітапті сыйға беріп қоштасу.
Балалар Дымбілмеспен қоштасады.
 Балабақшаға оралу.


1 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру
Көкжиек тұстары
Көкжиек тұстары
Алматы облысы, Ескелді ауданы, М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Г.А.
Мен және табиғат
Мен және табиғат
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы, Ы.Кабеков атындағы орта мектеп мұғалімі Серикказина Райхан Тұрысбекқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×