Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша

04 қараша 2021, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері: 
Тіл дамыту, Сенсорлық тәрбие, Құрастыру.
Тақырыбы: Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша
Мақсаты:

1. Балалардың ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөздік қорын молайту, ойын тапсырмаларын дұрыс орындауға үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ертегі, бауырсақ, көмектесу.
Билингвалды сыңары: Апа - бабушка, ата - дедушка, бауырсақ - колобок, қоян - заяц, аю - медведь.
Заттық дамыту ортасы: себеттер, қима суреттер, матадан тігілген аю бөшкесі.

Әрекеттер кезеңіТәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың
  іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік
Рефлексиялық - түзетушілік
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

 
- Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға жайғасайық.
Тосын сәт: Апа кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар.
- Сәлеметсіз бе апа, қош келдіңіз!
- Мен бүгін бауырсақ пісіріп терезенің алдына қойсам, бауырсағым қашып кетіпті. Сендер менің бауырсағымды тауып беруге көмектесесіңдер ме?
- Балалар, апаға бауырсағын табуға көмектесеміз бе?
- Апа сізге біздің балалар жоғалған бауырсағыңызды табуға көмектеседі, сіз отырып дем алыңыз.
- Ал, ендеше балалар көзімізді жұмып, бауырсақты іздеуге шығайық.
Музыка әуені қосылады.
- Балалар, көзімізді ашайық, орманға да келіп қалыппыз.
Алдарынан қоян шығады.
- Қоян, қоян бауырсақты көрдің бе?
- Иә көрдім, бірақ сендерге айтпаймын.
- Балалар, мүмкін қоянның жақсы көретін тамағын тауып берсек бізге бауырсақтың қайда екенін айтатын шығар?
- Балалар қоян нені жақсы көреді?
- Сәбіздің түсі қандай?
- Орыс тілінде қоянды қалай атаймыз?
- Қане, мына сәбіздерді қоянның себетіне жинап салып берейік.

- Рахмет балалар! Ааа есіме түсті, мен бауырсақты жеймін дегенде бір әнді айтып қашып кетті.
- Балалар, ертегіде бауырсақ қандай ән айтушы еді? Кім біледі?

 
- Балалар бауырсақты кім пісіреді?

 
Бауырсақ орыс тілінде - колобок деп аталады.
- Балалар, қараңдаршы аю келе жатыр, мүмкін аю бауырсақты көрген шығар, сұрап көрейік.
- Аю сен бауырсақты көрген жоқсың ба, мүмкін жеп қойған шығарсың?
- Мен бауырсақты қайтемін? Мен өзім бөшкедегі балымды төгіп алдым, содан көңіл - күйім болмай тұр.
- Балалар, аю балды жақсы көреді. Аю орыс тілінде - медведь деп аталады.
- Бал қандай болады?
- Аю бөшкеңе балды толтырып берсек, бауырсақтың қайда екенін айтасың ба?
- Айтамын.
- Қане балалар, олай болса аюдың бөшкесіне балды жапсыру әдісімен толтырып берейік.


 
- Балалар, енді есіме түсті, бауырсақ бір әнді айтып қашып кетті. Ол қандай ән еді?

 
Сергіту жаттығуы
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
- Жарайсыңдар балалар!
Түлкі шығады.
- Кешіктіңдер! Мен бауырсақты жеп қойдым.
- Балалар, енді апаға қалай көмектесеміз? Біз оған бауырсақты тауып береміз деп едік қой?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса апаға бауырсақты жасап берейік.

Апа келеді.
- Апа мінекей біздің балалар сізге бауырсақ дайындап қойды.

- Рахмет балалар, маған көмектескендерің үшін сендерге ыстық бауырсақ пісіріп ала келдім.
- Рахмет апа, сау болыңыз.
- Балалар, біз апаға не тауып беруге көмектестік?
- Бауырсақтың пішіні қандай?
- Түсі ше?
- Бауырсақты кім пісірді?
- Орманнан қандай жануарларды кездестірдік?
 - Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар!
Балалар шеңбер бойына тұрып өлең жолдарын қайталап, орындарына жайғасады.
Балалар апамен амандасады.
- Сәлеметсіз бе апа!

 
- Иә, көмектесеміз.
Балалар көздерін жұмады
- Қоян сәбізді жақсы көреді.
- Сәбіздің түсі сары.
- Заяц.

 
Балалар сәбіздерді себеттерге жинайды.

 
- Мен апамнан қаштым,
Мен атамнан қаштым.
Енді сенен де қашамын.
 - Бауырсақты апа пісіреді.

 
Балалар қайталайды.


 
Балалар қайталайды.
- Бал тәтті болады. Түсі сары.
Балалар балды бөшкеге жапсыру арқылы толтырып береді.
Мен апамнан қаштым,
Мен атамнан қаштым.
Мен қояннан қаштым,
 Енді сенен де қашамын.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыс арқылы сергіту жаттығуын орындайды.

 
- Бауырсақты құрастырып берейік.
- Рахмет апа.
- Бауырсақты табуға.
- Дөңгелек.
- Сары.
 - Бауырсақты апа пісірді.
- Қоянды, аюды, түлкіні кездестірдік.
Күтілетін нәтиже:
 
Біледі: Балалар бауырсақ ертегісінің желісін біледі.
Меңгереді: Бір - біріне көмек беруді, мейірімділік сезімдерді үйреніп меңгерді.
 Жасай алады: Ойын тапсырмаларды орындай алады.

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Бердикулова Айнур Улыгбековна


 
1 953
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілерге саяхат
Ертегілерге саяхат
Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ - жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу.
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
«Бауырсақ» ертегісі желісі арқылы баланың оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарын оятып, сахналау шеберлігін арттыру. Қиялын, тіл байлығын ойлау қабілетін дамыту. Саусақ моторикасын дамыту.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Геометрикалық пішіндері ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ертегі арқылы қамқорлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Бауырсақ ертегісі желісімен
Бауырсақ ертегісі желісімен
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындай отырып, өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, достық туралы балалар білімін кеңейту. Заттарды салыстырып, «қанша?» «тең» сөздерін қолдана
1-ден 10-ға дейінгі сандар
1-ден 10-ға дейінгі сандар
Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандар (Қайталау)
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×