Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақ ертегісі

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: "Бауырсақ" ертегісі

Мақсаты: Балалардың "Бауырсақ"ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнап көрсетулерін түсіндіру.
Дамыту: Балаларға ертегідей жұптаса орындату барысын сөйлеу арқылы, тілдік қорларын, ойлау қиялдарын есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың рольдерді ойнауға еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Үн таспа, "бауырсақ" ертегі кейіпкерлерінің қуыршақ бейнелері, ширма.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, рөлдерде ойнау.
Залды безендіру, орман бейнесі , ширма.
Әдемі әуен қосылып ортаға тәрбиеші шығып ертегіні:

Балалар,өмір балғын шақ
Ертегі тыңдап,көңіл шат.
Жастық өмір жазғы бақ
Көп ертегі бар жерде
Қуаныш сыйлар әлемге.
Тәрбиеші: -Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал...
Шал: -Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.
Тәрбиеші: - Дейді кемпіріне.
Кемпірі: - Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?
Шал: - Қаптың түбінін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар.
Тәрбиеші: - депті сонда шал.Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған қаймақ қосып қамыр илейді. Содан соң оны майға қуырады. Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп, кемпір мен шалдан қашып кетеді.
Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.
Қоян: -Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Тәрбиеші: -Дейді.
Бауырсақ:-Мені, жеме қоян. Мен саған өлең айтып беремін:
Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып.
Терезеге қойып суытқан,
Мен атамнан қаштым.
Апамнан да қаштым,
Ал сенен қашу,қоян,
Қиын емес маған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
33 781
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырсақ ертегісін сахналау
Бауырсақ ертегісін сахналау
Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернат» КММ Камзабаева Лязат Орынбасаровна
5 саны мен цифры (презентация)
5 саны мен цифры (презентация)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Абдырахманова Дана Қасымхановна
Бауырсақпен орманға саяхат
Бауырсақпен орманға саяхат
Мақсаты: Балалардың бауырсақ ертегісі мен саяхат жасата отырып ертегіде кездескен бауырсақ пен аңдар арасындағы қиыншылықтар жұптаса көмектесіп орындатуға үйрету.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
№ 7 Тараз қалалық бала - бақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×