Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілерге саяхат

08 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу
Тақырыбы: Ертегілерге саяхат
Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ - жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Нүктелі әдісті пайдалану. Саусақ жаттығуы арқылы саусақ моторикасын дамыту. Дыбыстық жаттығулар арқылы баланы дыбыстарды дұрыс айта білуге пысықтау.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын
Көрнекілігі: бауырсақ ертегісінің конусты суреттері, жеті лақ ертегісінің суреті, дидактикалық ойын:”Орнын тап та атын айт!”
Құрал - жабдықтар: ақ қағаз, сары түсті гуашь, қол сүрткіш, мақталы таяқша
Билингвалдық компонент: Түлкі - лиса, Бауырсақ - колобок, қоян - заяц

Тақырыбы: «Ертегілерге саяхат»
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Бөлімі: Тіл дамыту, Сурет
Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ - жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Нүктелі әдісті пайдалану. Саусақ жаттығуы арқылы саусақ моторикасын дамыту. Дыбыстық жаттығулар арқылы баланы дыбыстарды дұрыс айта білуге пысықтау.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын
Көрнекілігі: бауырсақ ертегісінің конусты суреттері, жеті лақ ертегісінің суреті, дидактикалық ойын:”Орнын тап та атын айт!”
Билингвалдық компонент: Түлкі - лиса, Бауырсақ - колобок, қоян - заяц

Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері: Балалар қане бәріміз шеңбер жасайық. Шеңберіміз неге ұқсады? Ендеше шарымызды үрлейік те үлкен шар жасайық. Енді денеміз сау болсын деп бір - бірімізді емдейік
- Қайырлы таң көздерім! Көздерім сендер ояныңдар!
- Қайырлы таң құлақтарым! Сендер ояныңдар!
- Қайырлы таң саусақтарым! Сендер ояныңдар
- Қайырлы таң Алтын күн!, Күн сияқты күлімдеу.
Іздену ұйымдастырушы
- Балалар сендер ертегілерге саяхат жасағыларың келеді ме? Ал енді олай болса бәріміз немен барамыз? (Осы кезде гуілдеген пойыздың дауысы естіледі)
- Балалар естисіңдер ме? Бұл пойыздың дауысы екен. Олай болса бәріміз пойызға мінеміз.

Қимылды ойын: “Көңілді пойыз”
1. Аялдама “Жетілақ”(Суреттен көрсету)
- Балалар жеті лақ ертегісіндегі лақтардың анасы қайда кетеді? Оларды не жеп қояды? Анасы орманға не үшін кетті? Ешкі туралы кім тақпақ айтып береді?
Аслан: Лақ, лақлағым, Секеңдеген шұнағым
2. Аялдама: “Бауырсақ”
- Балалар мына жерде қандай ертегі кейіпкерлері тұрады екен?
- Бауырсақ нелерден қашты?
- Бауырсақты не жеп қояды?
Жұмбақ жасыру:
Өзі қорқақ, құлағыұзын Ол не?
Балалар: қоян
Олай болсасендер шаршаған шығарсыңдар Қанеқоянсияқтысергіп алайық.
Сергітусәті:
Ұзынқұлақсұрқоян Естіпқалыпсыбдырды
Ойлы - қырлыжерлерден
Ытқып - ытқыпжүгірді

3.“Шұбар тауық” аялдамасы
- Балалар мына жерлерде шұбартауық көрінбейді ғой, бірақ қыт - қыттаған дауыс естіледі.
Балапан: Қыт - қыт - қыт Балалар сәлеметсіңдер ме! Мен анамнан адасып қалдым.
Олай болса біздің балалар саған көмектеседі. Балапанға кім тақпақ айтып береді?
Рахат: Шөп - шөп, шөжелерім
Сары алтындай балапаным,
Тез жетіңдер жемберемін
Дәнге толы алақаным
- Жарайсыңдар балалар! Балалар бәріміз пойызға мініп тобымызға қайтамыз.
Өнер орталығы:

“Балапанға”жемсауыттың ішінде тары суретін салу.
Аққағазға гуашь, қол сүрткіш
Нүктелі әдіс арқылы балалар таяқшамен нүктелі әдіс арқылы тары салу.
Саусақ жаттығуы:”Амандасу”
Жұмыстарын аяқтау. Сендердің салған тары суреттеріңді балапанға сыйқылып тартамыз.
Дыбыстық жаттығу:
Орманда жүр масалар ыз - ызы - ыз - ыз
Аралар жүр ыж - ыж - ыжы
Тауықтар жүр қыт - қыт
Жыландар жүр ыс - ыс - ыс
Рефлексивті түзету

Билингвалдық компонент: қоян - заяц, бауырсақ - колобоқ
Балаларды мадақтау, мақтау
Балалар біз қандай аялдамаларға бардық? Қандай ертегі кейіпкерлерімен кездестік.

Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылы
Тәрбиеші "Балауса" балабақшасының тәрбиешісі:
Мансурова Амина Шакиртовна
2 328
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Мақсаты, міндеттері, білімділік: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Олардың түрлерін танып, атауға үйрету Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелілік: балаларды
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай - ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең.
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
«Бауырсақ» ертегісі желісі арқылы баланың оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарын оятып, сахналау шеберлігін арттыру. Қиялын, тіл байлығын ойлау қабілетін дамыту. Саусақ моторикасын дамыту.
Бауырсақ қалай домалайды
Бауырсақ қалай домалайды
оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Бауырсақтың үйге оралуы
Бауырсақтың үйге оралуы
Заттарды салыстыру дағдысын дамыту. Балалардың геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш. Ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту.
Ертегіні тауып айт
Ертегіні тауып айт
Балаларға өздері білетін ертегі кейіпкерлері жайлы, олардың мінездеріне сипаттама беруге үйрету, байланыстыра сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×