Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі тамшы

03 шілде 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Екі тамшы
Мақсаты: Табиғаттағы қар мен мұздың құбылыстары туралы білім беру.
Білімділік: тәжірибе арқылы қар мен судың қасиеттерімен танысу.
Тәрбиелік: бірігіп жұмыс жасауға өзара сыйластыққа, түсіністікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: стакан сумен, табақтағы қар мен мұз, қар бейнеленген суреттер.
Ұйымдастыру:
Балалар, бәріміз шеңбер құрып, қонақтармен бір - бірімізбен амандасайық.

Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн қонақтар.

Сұрақ - жауап:
- Қазір қай мезгіл?
- Қалай білдіңдер?
- Таңы да не өзгерді?
- Ал енді менің айтқанымен келісесіңдер ме? Келіссеңдер көк түсті карточканы көрсетіңдер, ал келіспесеңдер қызыл карточка көрсетіңдер.

1. Күн ерте шығып, кеш батады.
2. Жаңбыр жауады.
3. Жердің бетінде қар жатыр.
4. Жылғалардан су ақты.
5. Күн қысқарды.
6. Боран соқты.
7. Жолдар тайғақ болды.
8. Көлдердің беті мұз болып қатып қалды.
- Жарайсыңдар, бәріңде дұрыс жауап бердіңдер.
- Балалар, табиғаттың бізге дайындаған құбылыстары көп. Әр мезгілде әр түрлі әдемі де сұлу болып келеді. Әр мезгілдің өзінің құпиясы мен таңғаларлық сәттері болады.
Ең таңғаларлық мезгіл ол қыс: қане суреттерге қарайықшы.
«Қатты жел соғып терезеден хат ұшып түседі.»
- Балалар қараңдаршы желмен хат ұшып келді. Қарайықшы ішінде не бар екенін? Сендерге оқып берейін:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Сіздерге екі егіз тамшы хат жазып отыр. Сендер өте ақылды және өте білімді екендігін естідік. Бізге көмектесіңдерші!
Біз екеуміз тату – тәтті өмір сүрдік, бір уақытта қатты аяз соғып, біріміз мұз болып қатып қалды, ал екіншісі шашын тарап отырған, сол күйінде әдемі қарға айналып кетті. Енді сол әдемі болып қалған кар мені менсінбей, сен менің сыңарым емессің деп, мені сүйкімсіз салқын мұз дейді.»
- Ал, балалар көмектесеміз бе? Қар мен мұзға айналған екі тамшыға көмектесейік. Олар екеуі судан жаралғанын дәлелдеп берсек, сонда олар достасады.

Сендерге жұмбақ жасырайын:
1. Аппақ етіп айналаны, ақ көбелек айналады.(Жапалақтап жауған қар.)
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
- Балалар, алдымыздағы қарды ұстап көрейік, алақанымызбен не сезіндік?
- Мұздай, алақанымыз су болды.
- Қар еріп су болады екен.
2. Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады.(Мұз)
- Мұзды да ұстап көрейік, ол мұздай, ол да су болып ериді екен.
- Ал, енді қорытынды шығарайық, жылы жерде қар мен мұз суға айналады.

2 - дәлел.
- Балалар қардың түсі қандай?
- Ақ
- Балалар мұздың түсі қандай?
- Мұз түссіз.

3 - дәлел.
- Балалар мұздың астынан біз алақанымызды көрейік, көрінеді ме екен?
- Я, көрінеді.
- Ал, қардың астынан?
- Жоқ, көрінбейді.
- Мұз мөлдір, кар ақ, ештеңе көрінбейді.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық,
Су болып ағайық,
Терең - терең дем алып,
Жүгіріп - жүгіріп алайық.

4 - дәлел.
- Енді, балалар мұзға қарайықшы: карандашпен үстінен басып көріңдер, мұз сынып қалды.
- Енді, қардың үстінен басып көріңдер, қарда ізі қалды.
- Сонымен, мұз сынғыш, ал қар тығыз.

5 - дәлел.
- Алдарындағы суға қар мен мұзды салыңдар, не болды?
- Қар мен мұз батпай бетінде қалықтап жүзіп жүр. Содан қар мен мұз судан жеңіл.
Қорытынды: қар мен мұз судан жаратылған. Олар су болып есептеледі. Сондықтан мұз бен қар екеуі мәңгі дос. Мұз бен қар ол қатты түрдегі су. Ауа райы салқын болғанда су мұз болып қатып қалады. Ал ең кішкентай мұздар жоғарыда аспанда бізге қар болып жауады.
Балалар қараңдаршы мұздан да қардан да бірдей мүсіндер жасауға болады. Сендер далада қардан аққала жасайсыңдар, мұзда сырғанақ тебесіңдер. Міне қараңдаршы қаншама заттар істеуге болады.

Қимылды ойын: «Қатырмақ»
Тәрбиеші қолындағы сиқырлы таяғымен балалардың қолдарына тигізу керек, кімнің қолына тиген бала сол қатып қалады.
- Енді балалар, жұмсақ қағаздан қар қиып терезеге жабыстырайық.
- Жұмыстарымызды бастамас бұрын, қайшы мен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп алайық:
1. Қайшымен жұмыс істегенде, мұқият болу керек.
2. Көзден алшақ ұстаймыз.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстауға болмайды.
4. Жолдасыңа қайшы берер кезде, жабық күйде ұстап, жұмыс істейтін бөлігін ұстап, сақинасын жолдасына қаратып береміз.
Балалар жұмысына кіріседі.
Балалардың жұмысын тексеріп мадақтау. Сиқырлы қорапшадан мұз кәмпит тарату.
Қонақтармен қоштасу:
- Келесі кездескенше, қош сау болыңыз.
5 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңіл - күй сыйлау
Көңіл - күй сыйлау
Өзара жылы қарым - қатынасты туғызу және тұтастай сезіну. Қуаныш, тербеніс сезімі, жағымды атмосфера туғызу, зейінділік, жауапкершілік сезімін арттыру, балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісі Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Қазақ тілін білемін
Қазақ тілін білемін
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×