Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңіл - күй сыйлау

24 сәуір 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Ересектер тобы
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Тақырыбы: Көңіл - күй сыйлау.
Оқу іс - әрекеті: Өзін - өзі тану, сурет
Жаттығулар: 1. Шеңбер бойында қол соғу
2. Бастаушы және ілесуші би
3. Біз сені жақсы көреміз
Мақсаты: Өзара жылы қарым - қатынасты туғызу және тұтастай сезіну. Қуаныш, тербеніс сезімі, жағымды атмосфера туғызу, зейінділік, жауапкершілік сезімін арттыру, балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданатын қажетті құрал - жабдықтар: Ақ қағаздар, түрлі - түсті қаламдар, фламастер, үн таспа.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, шаттық шеңбер, ойындар

Ұйымдастырушы, қозғаушы қызмет түрі
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды күніміз,
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
1. Шеңбер бойында қол соғу
- Балалар қазір ортаға шығып, мен сендердің алдарында тұрып көзіңе қарап, өзімнің «Қол шапалағымды» сыйлаймын. Шапалақ қатты шыққан жөн.
Менімен шыққан бала келесі ойынға қатысушысы баланың алдына келіп екеуміз бірдей өзіміздің «Қол шапалағымызды» сыйлап әрі қарай үшеуі, төртеуі, бесеуі болып жалғаса беріп, шеңбер аяқталғанша ойынды жалғастыра береміз.
2. Бастаушы және лесуші би
- Балалар, қане дөңгеленіп шеңбер бойында тұрамыз. Бір бала әуеннің ырғағына байланыстыра би қимылын көрсетед. Ал, қалғандарымыз қайталауымыз қажет (1 минут)
Пікір алмасу:
- Бастаушының рөлінде болған ұнады ма жоқ әлде лесушінің ме?
3. Біз сені жақсы көреміз
- Балалар дөңгелене тұрамыз. Әр ойыншы кезекпен ортаға шығады. Барлығымыз
бірге оның атын үш мәрте қайталап айтамыз. Сосын барлығымыз «Біз сені жақсы көреміз» деп қатты дауыстаймыз.
4. Сыйлық сурет:
- Балалар өзіміз қалаған суретті саламыз. Салып болған соң әрқайсысымыз өзіміз қалаған адамға суретімізді тарту етеміз.
- Бүгінгі ойнаған ойын ұнады ма сендерге?
- Ойынға барлығында ынта жігермен қатыстыңдар, жарайсыңдар! Бір - біріңе сыйлаған суреттерін ұнады ма?
Балалар таңдап ұнатқан суреттерді сараптап береді.

«Қарлығаш» балабақшасының психологы
Қаратаева Гүлім Қаратайқызы
Көңіл - күй сыйлау жүктеу
1 910
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Арайланып таң атты Алтын сәуле тартты Жарқырайды қаламыз Жарқырайды даламыз
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісі Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×