Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз ханшайымы - 2013

02 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Күз мерекесіне арналған ортаңғы «Аққу» тобында өткізілген «Күз ханшайымы – 2013» ертеңгілігінің бағдарламасы.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша апайлары, қонақтар!
«Аққу» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы - 2013» байқауын ұсынамыз.
Ата - ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.
2.
3.
4.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысын біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын)

Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2. Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
4. Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
5. « Шебер қолдар»(Ата - аналармен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары)
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)

І. «Менің ата - тегім» Өзін - өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
Назым: Бір үйдің кішкентай қызығымын
Лала гүлдің үлбіреген үзігімін
Серік атты әкемнің қарашығы
Назым деген сұсты сұлу қызымын
Дөңгеленіп билеймін
Шырқап әнде саламын
Анам менен әкемді
Тыңдайтұғын баламын

Жанель:
Жансұлу:
Кәусәр:
Айбибі: Таныстырып өтейін мен өзімді
Атым – Айбибі, Бауыржанның қызымын мен
Жиналған қызғалдақтай қыр гүлімін
Руым Найман, ішінде Байназармын
Созбалап айта беріп не етпекпін
Мен үйдің ерке өскен бір қызымын
Бүгінгі ханшайымдар сайысында
Жеңімпаз мен болам деп ойлаймын
Сайыстың «Өзін - өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ - қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.

ІІ. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
(күзгі байлықтардан жарнама жасау)
Назым - алма
Жанель - алма
Жансұлу – сәбіз
Айбибі – қызанақ
Талшыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен - қызанақ
Күнге қарап ұялып
Кәусәр - қияр
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне

ІІІ. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады.
Мұратбек Назым – «Қаражорға» биі
Сұлтанбек Жанель - өзбек биі
Ибадулла Жансұлу – кәріс биі
Мұхамбетхан Айбибі – «Анашым» әні
Қанай Кәусәр – «Айгөлек» әні (Әділ - қазылардың берген бағасы)

ІV. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, ұнатқан жеміс - жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды. (Күз)

Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз)
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім. (Қауын)
Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.
/Жүгері/.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
/Жеміс/.
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
/Алма/
Аласа ғана бойы бар,
Қабат - қабат тоны бар.
/Капуста/
Мысық мұртты,
Өрмек басты.
/Бидай/.
4. «Шебер қолдар» (ата - аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Арулар жасаған жұмыстарын әділ - қазыларға ұсынады
Әділ - қазылардың берген бағасы

7. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Әділ - қазылардың берген бағалары

Жүргізуші: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
- дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы - 2013» байқауын аяқтаймыз.
«Күз ханшайымы - 2013» сайысы бойынша аруларға орындар беріліп, мадақталады
13 876
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі, Алтын күз!
Берекелі, Алтын күз!
Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Жігіт сұлтаны байқауы
Жігіт сұлтаны байқауы
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу.
Аяулы аналар
Аяулы аналар
«Аяулы аналар» 1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.
Ана-ән, бала оның қайырмасы
Ана-ән, бала оның қайырмасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Ана-ән, бала оның қайырмасы Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар! №9 «балауса»
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)
Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×