Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат әлеміне қамқорлық жасау және күтіп баптаудағы баланың іс - әрекеті

07 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау және күтіп баптаудағы баланың іс - әрекеті

Бізде таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан – жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс - әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну. Біздің бүгінгі тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз - Отанымыздың болашақ азаматтары. Сондықтан оларды өз туған жерін сүюге, туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға қорғауға және баптауға тәрбиелеу міндетіміз.

Біздің топта 20 бала тәрбиеленуде. Бұл топтағы балалар екі жаспен үш жас аралығында. Былтырғы бөбектер тобынан келе жатқан балалар. Балабақшада балаларды қоршаған ортамен жан – жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс – әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс – әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет. Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты. Сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамыз.
Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір - біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:
Сәлеметсіз бе балақайлар!
Қайырлы таң, балалар!
Бүгін күн қандай тамаша!
деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп көңіл - күйін бір сергітіп тастайды. Біздің топта қоршаған орта оқу іс – әрекеті екі аптада бір өтеді. Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргіземіз. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейміз. Кейбір балаларға мысалы: Әзім, Әлім, Сая, Мейрамгүлдер қолдарына лейка беріп гүлдерге су құя білуді тапсырамыз. Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт - құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамыз. Мысалы: ағаштардағы құрт – құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Топта кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Көзді ала бере олар суды ағызып, қол - бастарын жуып, бір – біріне шашып тұрғаны. Өз бетінше жуына білген жақсы әрине. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз.

Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айтамыз. Ауа таза болмаса біздің ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез – келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез - келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтып ескеріп отырамыз. Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала - алатынымызды, мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсетеміз. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды.
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау мақсатында таным білім саласы, қоршаған орта бойынша:
1.«Судың маңызы»2. «Құстар тіршілігі». 3. « Ағаштар неге ашуланды». 4. «Үй жануарлары». 5.«Жыл мезгілдері». Тақырыптары да ұйымдасқан ойын іс – әрекеттері өтеді.
Біз үнемі ата – аналармен қарым - қатынаста болып тұрамыз. Үйде бос уақытында балаға көңіл бөлу керек екенін ескертіп отырамыз. Әр сала бойынша күнделікті бос уақытында жаттаған тақпақтарын мысалы: «Күшігім», «Мысығым», «Ұзын мұртты құмырсқа» т. с. с тақпақтарды үйде қайталатып, естеріне салып отыруларын ескерттік. Топқа әр - түрлі кітапшаларды көмек ретінде алып берулерін өтіндік. Бұған ата - аналар келісім берді.

Заттарды қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың тағайындалуын түсінуге қалыптастыру. Заттардың құрылысымен өздеріне тән белгілері арқылы білу және есте сақтауға үйрету: киім, ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар, құстар. Қоршаған ортадағы құбылыстар, заттар мен нысандарды зерттеуде, ойыншықтарды жуу, және жинаумен айналысқанды баланың өзіндік тілегін қолдау қажет.
21 736
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат - біздің досымыз
Табиғат - біздің досымыз
Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ән ырғағымен саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және
Алғашқы қадам бағдарламасы
Алғашқы қадам бағдарламасы
Алғашқы үш жылғы өмірлерінде балалардың физиологиялық денсаулық, ақыл - ой, адамгершілік дамуының негіздері қаланады. Бұл жас бала дамуының өте шапшаң жүру кезеңі болғандықтан, балаға ересектердің әсер етуі ерекше болады.
Күзгі табиғат
Күзгі табиғат
Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын түсіндіру оқушылардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіну мүмкіндіктерін дамыту.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×