Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин

04 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Сабақтың мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің мазмұнын, эстетикалық және экологиялық мәнін меңгерту. Сабақтың міндеті: Оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді; бір - бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, топтастыру, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР физикалық картасы, слайдтар, кеспелер
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру а) Психологиалық ахуал:
Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
- Балалар, біз қай бөліммен оқып танысудамыз?
«Табиғат - менің өз үйім».
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. ә) Табиғатқа байланысты «Ауа», «Су», «Жер» топтарына бөлу.
Ауа - дем алу үшін, су - ішу үшін, жер – онда өмір сүру үшін. Оқушылардың өз аттарын қорғауы
І топ: Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру. ІІ топ: Сусыз жер – нусыз жер.
ІІІ топ: Жері байдың - елі бай.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Интервью әдісі:
0. Сәбит Мұқанов Көкшенің көрінісі.
1. С. Мұқанов кім?(аса көрнекті жазушы)
2. Ол кісі қай жылы дүниеге келген? (1900жылы дүниеге келген)
3. Қандай еңбектерін білеміз?(Ботагөз, Адасқандар, Сұлушаш атты еңбектері бар)
4. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген?(1, 2, 3)
5. Көкшені неліктен гауһар тастан жасалған күмбезге теңейді?
6. Осы мәтінде қандай сөздер саған ерекше әсер берді?
7. Сен өз туған жеріңді қалай суреттер едің?
8. Мәтін несімен ұнады?
9. «Көкшенің» деген азат жолдан бастап кім жатқа айтып береді?
Бағалау: Әр кезеңді орындау барысында оқушыларға түрлі - түсті дөңгелекшелерді өздері таңдап, өздерін өздері бағалап отырады. Көк түсті дөңгелекше - 5, жасыл - 4, сары - 3 - ті білдіреді.

ІІІ. Жаңа сабақ - Балалар, экранға қараңдаршы, мына жазылған сұрақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар бүгінгі өтетін тақырыбымызбен таныс боласыңдар.
1. Ұлы ақын /Абай/
2. «Адамдық борышың» өлеңінің авторының тегі. /Құдайбердіұлы/ 3. «Нағыз адам» әңгімесінің авторы. /Сухомлинский/ 4. Байтұрсынның баласы. /Ахмет/
5. «Көктем» өлеңінің авторы. /Қасым Аманжолов/ 6. С. Торайғыровтың әңгімесінің тақырыбы. /Кедей/
7. Ш. Мұртазаның әңгімесінің тақырыбы./Интернат қоймасы/
8. Ертегі сөзінің соңғы әрпі. /і/ 9. Қабыкен Мұқышевтің өлеңі /Көктем/
- Біз бүгін осы киік жануары туралы С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік»атты өлеңімен танысып, оқимыз. Сәкен Сейфуллин туралы не білеміз? /Топтастыру/ С. Сейфуллин өмірбаянына тоқталып айта отырып слайдтармен көрсету.
1. С. Сейфуллин 1894 жылы дүниеге келген, 1938 жылы дүниеден өткен.
2. Астанада С. Сейфуллин мұражайы бар.
3. Еңбектері: « Тар жол тайғақ кешу», «Туған ел», «Қызыл шұнақ», т. б. 4. Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, репрессия құрбаны, қарындастарына қамқоршы.
Ал, енді тақырыпқа оралайық.
- Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?
- Ол - киелі жануар.
- Киіктің лағын қалай атаймыз?
- Құралай.
Қосымша дерек беру: Ақбөкен, киік – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.(слайд)

Музыкасы Ж. Сейіловтың, сөзі Қ. Салықовтың «Жез киік» әнін тыңдатамын.
Өлеңді мәнерлеп оқу /Мүмкіндігінше өлеңді жатқа оқимын, оқушылардың сезімін оятуға, жақсы түсінулеріне әсер етеді./
Кітаппен жұмыс. Әр шумақты оқыта отырып талдатып, ат қойғызу.
1 шумақ:
Арқаның бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар. /Бетпақдала/
Дала - бетпақ - шөлді - орманды - жазық – таулы болып келеді
- Өлеңде қандай жерді суреттеген? - Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұтақтардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.(слайд)
«Бетпақдала» - жері құрғақ, шөбі сирек болады екен.
2 - шумақ.
Мергендер дамыл алмай киік атқан,
Ауылды қан сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
Азайып бірте – бірте келе жатқан. /Мерген/ Мерген - мылтық және садақты оғын көздеп нысанаға дәл тигізетін адам. (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс - әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың атылуы туралы айтылады, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем, ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр).
3 - шумақ:
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен? /Бөкен/
Бөкен - киіктің басқаша атауы.
4 - шумақ:
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім. /Киіктің сипаты/
Киік - өте сұлу, көздері мөлдіреген, әдемі жануар. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. )
5 - шумақ:
Кей адам әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып. /Мүйіз/
Киіктің мүйізін шетке сатқандар жауыздықты сезер ме екен?
Киіктің мүйізінің құны - бір жылқыға тең. Олар бір аулағанда 50 - 70 бөкенді аулайды. Қазір жоқтың қасы. Сондықтан олар «Қызыл кітапқа» енген.
6 - шумақ:
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда - санда әлді жиып..
Ақ бөкен - сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып… Ақ бөкен - сахараның ботакөзі.

Серігіту сәті.
Мұғалім:- Балалар, киік киелі жануар екенін сендер айттыңдар. Сондықтанда мен сендерге тек біздің ақын - жазушыларымыз ғана киік туралы жазбағанын, сонымен қатар сазгерлеріміз ән және күйшілеріміз күй шығарғанын айтып кеткім келеді. «Жезкиік» әнін сабақ басында тыңдадыңдар, енді Құрманғазы Сағырбайұлының «Ақсақ киік» күйін тыңдауларыңды ұсынамын. Жақсылап тыңдап алыңдар, содан алған әсерлеріңмен келесі тапсырманы орындайсыңдар.

ІҮ. Шығармашылық жұмыстар.
Шығармашылық жұмыстарды деңгейлік тапсырма түрінде беремін.
«Аңшы» тақырыбына эссе жазу. /І топ/
«Киік» тақырыбына сипаттау мәтінін құрастыру, суретін салу./ІІ топ/
Киікті атқан адамға деген көз қарасыңды білдіру, мергеннің суретін салу./ІІІ топ/

Ү. Бекіту. «Бәйге» ойыны.
10 20 30 40 50 60
10. Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
20. Киік қандай жерді мекендейді?
30. Киікті басқаша қалай атайды?
40. Киік мүйізінен не жасалады?
50. Өлең сендерге несімен әсерлі болды? Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені - адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі, қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)
60. Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит – құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.)

ҮІ. Қорыту.
Өлеңге талдау жаса Дәптермен жұмыс.
1. Тақырыбы: киіктің аянышты тағдырына арналған;
2. Шумақ саны - 6; буын саны – 11;
3. Идеясы – экологиялық жағдайды ашына айтуы. Шығармашылық жұмыс:
Сонымен, балалар, табиғатты қорғау дегенді қалай түсіндік?
Оқушы жауабы: Табиғатты қорғауды қаншалықты түсінгенімізді бүгінгі өтер тәрбие сағатымыздан келіп тамашалаңыздар.
Балалардың жинаған ұпайын есептеп шығару.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерін жинау.
2. Мәнерлеп оқу. 257 - 259 беттер
7 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
«Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік
«Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік
Отанын, халқын сүюге, табиғатты қызықтап оны қорғауға әрі әдемілікті, әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып, олардың эстетикалық талғамын арттыру.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету. Ақын жайлы жаңа деректер алады, өлеңнің тақырыбы
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Сәкен Сейфулллин «Ақсақ киік»
Сәкен Сейфулллин «Ақсақ киік»
Астана қаласы, №49 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жандыбаева Гүлнар Жолдыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×