Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейіндік оқыту мақсатында вариативтік компанетінің маңыздылығы

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызықты математика (арнайы курс бағдарламасы)
Тақырыбы: Бейіндік оқыту мақсатында вариативтік компанетінің маңыздылығы. (слайдымен)
Мақсаты:
Оқушыларға білім, білік дағдыларын игерту;
Шығармашылық қабілеттерін арттыру,
Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс - әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу;
Шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Міндеті:
1. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
2. Ақыл - ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
3. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
4. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.
Бағдарлама мазмұны 4 бөлімнен тұрады:
І - бөлім
“Математикалық ойлау есептері” 9 сағат.
ІІ - бөлім
“Ойнай, ойлай біл” 7 сағат.
ІІІ - бөлім
“Геометриялық фигуралар мен шамалар” 10 сағат.
ІҮ - бөлім
“Құрастырмалы ойындар” 8 сағат.
Мұғалімнің сөзі: «Математика – ғылымдар патшасы» деп немістің ұлы математигі Гаусс айтқандай, математиканың балалар өмірінде алатын орны ерекше. Математика тек қана, қосу, алу, көбейту, бөлу тағы сол сияқты амалдардың жиынтығы ғана емес, балалардың ойлау жүйесін, ақыл - ес процесінің дамуына тікелей әсер ететін ғылым.
Сондықтанда қазіргі таңда бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға айырықша көңіл бөлінеді.
2 - ші сыныпта жоспар бойынша бір факультатив сабағы берілген. Сол сабаққа «Қызықты математика» факультативін таңдауымыздың себебі де осы.
Бастауыш сыныптың 2 сыныптарына арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүргізіледі. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады.
І - бөлім «Математикалық ойлау есептері»- 9 сағат.
ІІ - бөлім «Ойнай, ойлай біл» - 7 сағат.
ІІІ - бөлім «Геометриялық фигуралар мен шамалар» - 10 сағат және
ІҮ – бөлім «Құрастырмалы ойындар»- 8 сағатқа бөлінеді.
Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Оның негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар.

Математикалық викториналар, ребустар, математикалық эстафеталар, математикалық ертегілер, сөзжұмбақтар шешу, мақал - мәтелдер сайысы, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Мысалы, «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды
нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп жалман – жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып - сапырып Арманға бер,
Құйып - құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,- деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,- деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сонда үйде адам нешеу?
Оқушылар: 10 адам деп, жауап береді.
«Адасқан әріптер» ойыны арқылы геометриялық фигураларды табады:
1. еңшбре 2. трұбышрөт 3. шұбршүы 4. рвадкат
5. өңдгелке

«Мақал - мәтелдер» сайысы:
1.... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2.... тістен шыққан сөз,... рулы елге жетер
3. Қызды... үйден тый,
Ұлды... үйден тый.
4. Болар елдің баласы,
... те баспын дер.
Болмас елдің баласы,
... да жаспын дер.
5. Шөлмек... күнде сынбайды,... күнде сынады.
6.... қошқардын басы,... қазанға сыймас.
7....- ау ала болса, ауыздағы кетеді,
...- еу түгел болса, төбедегі келеді.
8. Ер жігіт... да орда бұзар.
9.... атасын білмеген ер жетесіз.
10.... қырлы,... сырлы.

Соның ішінде логикалық есептердің маңызы өте зор. Бұл баланың ой - өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды.
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл - ой деңгейін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Нәтижесі:
Берілген тапсырмамен жұмыс жасау кезінде баланың бойындағы қорқыныш пен “қате жасап қоямын - ау” деген ойлар төмендейді де, сенімділік пен тұрақтылық дамиды. Бұл баланың ой - өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды.
Мысалы:
3 жұмыртқа 5 минутта пісті. Бір жұмыртқа неше минутта піседі?
Оқушылар: 5 минутта деп, жауап береді.
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
(Жауабы: түйеқұстар ұшпайды).
Ержанның бес ұлы және олардың әрқайсысының қарындасы бар.
Ержанның неше ұлы, неше қызы бар?
(Жауабы: 6 баласы бар. 5 ұлы, 1 қыз бала).
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг. болады, ал екі аяғымен тұрса тырнаның салмағы қанша?
(Жауабы: 3 кг).
Қорытындылау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 809
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Логикалық математика курсына арналған күнтізбелік жоспары мен дидактикалық ойындар және логикалық тапсырмалар.
Логикалық математика курсына арналған күнтізбелік жоспары мен дидактикалық ойындар және логикалық тапсырмалар.
Логикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушы өздігінен ойланып, өз шамасын өзгелермен салыстыра отырып, ұшқыр ойлауға талпынады. Жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге көшу, бірізді білім беру жүйесін шыңдай түседі.
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
6 - 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі - дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады
Қазақ тілі фонетикасы бейіндік бағдарлама
Қазақ тілі фонетикасы бейіндік бағдарлама
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
Ыдырысов Әбдіқасым Молдақадырұлы жоғары санатты математика пәні мұғалімі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×