Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Авторлық бағдарлама

07 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Индер ауданы,
Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Гулаим Тулегенова

Авторлық бағдарлама

Түсініктеме
Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады. Математикалық білім мен практикалық әрекеттерді меңгеру барысында ойлау әрекеттерінің дамуы, шығармашылық мүмкіндіктері, танымдық қызығушылықтарының даму және қалыптасу міндеттері шешіледі.
Сабақта және сабақта тыс уақытта математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару, логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл - ойын, қиялын, ой - ұшқырлығын дамытудың бірден - бір ұтымды тәсілі.
Барлық тақырыптар оқушылардың сабақта алған білімін тиянақтау, бекітуге негізделген.
Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың математика пәнін жете меңгеріп, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бағдарлама белгілі бір оқу жылына сәйкестендірілген және тақырыптар бойынша жүйеленген.
Бағдарламада мектеп оқулығындағы орындалуы міндетті болып саналмайтын дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығулар келтірілген.
Бағдарламалық материал оқушылардың өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.
Курстық оқу жоспарындағы 4 - сыныпқа жалпы - 34 сағат (жыл бойы)
бөлінген.

Кіріспе
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер көздейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуіне қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда математика сабағының әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілетін, ой - өрісін ескере отырып, сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әр түрлі математикалық өлең есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, математикалық диктант, жұмбақтар және жаңылтпаштар.
Мұғалім өз шеберлігіне байланысты оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар таңдап алады. Оның мақсаты оқушы қабілетін байқау, оны әрі қарай дамыту, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды күрделендіру барысында ойлау қабілетін жетіле түседі.
Негізгі бөлім
Таңдау курсына арналған бағдарлама
4 - сынып
Бейіні: жаратылыстану - математика
Бағдары: математика
Тақырыбы: «Қызықты математика»
Мақсаты: математика әлемінің қызықты екендігіне көз жеткізе отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу. Таным қабілетін арттыру, логикалық ой - қиялын дамыту арқылы алғырлыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті:
• оқушының білімге деген сенімін арттыру
• шығармашылық қабілетін дамыту
• логикалық тапсырмалардың әдіс - тәсілдерін пайдалану
• оқушы ынтасын ояту
• оқушы бойында білім, білік, дағды қалыптастыру
• өз бетінше ізденуді дамыту

Оқушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар

• - Әр түрлі математикалық білім көздерінен мағлұмат ала білу
• - Математикалық есептеудің бастапқы дағдыларын үйрену
• - Математикалық білімді күнделікті өмірде пайдалана білу
• - Интеллектуалдық ойындар, конкурстар, жарыстар, олимпиадаларда жетістіктерге жетуге ұмтылу
• - Өз бетінше есептерді талдау арқылы математикаға қызығушылығын арттыру

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, өзін - өзі тану, дене шынықтыру
Бағдарламаны жүргізу формалары: интеллектуалдық ойын, логикалық есептер, қызықты есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар, қайталау сабақтар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік сауаттылық
Компьютерлік сауаттылық
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Ал таңдау сабағында негізгі сабақта аяқтай алмаған ұғымдар, түсініктер тереңірек ұсынылады.
Мәселе есептерді шешу жолдары
Мәселе есептерді шешу жолдары
Күнделікті тұрмыста мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші.
Математикалық дидактикалық ойындар
Математикалық дидактикалық ойындар
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Сабақта логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Сабақта логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Орал облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький ОЖББМ математика пәні мұғалімі Сатаева Таттигул Аблайовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×