Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық математика курсына арналған күнтізбелік жоспары мен дидактикалық ойындар және логикалық тапсырмалар.

24 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Логикалық математика курсына арналған күнтізбелік жоспары мен дидактикалық ойындар және логикалық тапсырмалар.

Түсінік хат
Математика ғылымы - шын дүниенің сарқылмайтын және мүмкін болатын сандық қатынастары мен кеңістік ғылымын зерттейтін ғылым.
Бұл бағдарлама оқушыны математикалық курс бағдарламасындағы тапсырмалармен шектеп қоймай, табиғат берген қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасайды. Бұл пән оқушының өмірге таным, түсінігін молайтып, шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылымға, ұшқыр ойлауға қызығушылығын ашады.
Логикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушы өздігінен ойланып, өз шамасын өзгелермен салыстыра отырып, ұшқыр ойлауға талпынады. Жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге көшу, бірізді білім беру жүйесін шыңдай түседі.
Берілген «Логикалық математика» пәнін оқу арқылы оқушыларды іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл - ой деңгейін қалыптастырады. Бұл пән баланың бойындағы қорқыныш пен «қате жасап қоямын - ау» деген мазасыз ойлар төмендейді де, сенімділік пен тұрақтылық дамиды.
Математика курсы баланың ой - өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшандылыққа, ойын дәлелдеуге үйретеді. Логикалық математика курсы аптасына бір рет оқытылады.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2 сынып – аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

Бағдарлама негізгі 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлім оқушылардың ой өрісін жетілдіріп, санасын саралауына мүмкіндік алады.

Логикалық математика бағдарламасының мақсаттары:

 математикалық білім, білік және дағдыны игеру;
 математика курсының мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс - әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай - ақ ата - дәстүр, әдет - ғұрып, салт - сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестүру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
 оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интелликтуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
 мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан - жақты дайындалуды жүзеге асыру.

Логикалық математика бағдарламасының міндеттері:

 баланы тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл - ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу;
 математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып - білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
 оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

Логикалық математика бағдарламасының зерттеу объектілері:

 теріс емес бүтін сандар нумерациясы;
 аса маңызды шамалар мен олардың өлшем бірліктері;
 арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері;
 есептеу тәсілдері және сәйкес бірлік пен дағдыларды қалыптастыру;
 есеп және оны шешу процесі;
 алгебраның элементтері;
 геометрия элементтері.

2 сынып

Теріс емес бүтін сандар мен шамалардың арифметикасы - 8 сағат

Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды шығарып алу туралы түсініктерін кеңейту. Санның ондық жүйеде жазылуындағы орнына байланысты цифрлардың мәнінің өзгеретіндігі. Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру. Ұзындыққа, масса, сыйымдылық, уақыт аралығы және олардың өлшем бірліктері. Екі амалмен шығарылатын есеп және оның ерекшелігі. Қосудығы ауыстырымдылық және терімділік қасиеті. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. Қосудың дұрыстығын азайтумен, азайтудың дұрыстығын қосумен тексеру.

Алгебра элементтері - 14 сағат

Тура және тура емес сандарды теңдіктер мен теңсіздіктер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Әріппен таңбаланған белгісізі бар теңдік ретіндегі теңдеу. Қарапайым және күрделі құрылымды теңдеулердің болатыны туралы түсінік беру. Жақшалы өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті. Қарапайым теңдеулерді тура теңдіктердің қасиеттеріне және қосу мен азайту кері амалдар болатынына сүйеніп шешу.

Геометриялық элементтері - 8 сағат

Геометриялық ұғымдарға анықтама беру. Сызықтардың түрлері және көпбұрыштың шекараларының тұйықтарған сынық сызықтар болатындығы. Бұрыштардың жіктелуі. Тік төртбұрыштың шаршы анықтамаларын, көпбұрыштың қабырғаларының қосындысының периметрі екенін білу.

Білім, білік, дағдыны тексеру - 4 сағат

Тест. Бақылау жұмыстары.

2 сыныпқа арналған «Логикалық математика» курсының күнтізбелік жоспары

 Мақсаты: 100 көлеміндегі сандарды және сәйкес шамаларды ауызша және жазбаша қосу, есептеу тәсілдері, санның құрамы, есептер құру, оларды әртүрлі тәсілмен шешу, шамаларды өрнектеу, күнделікті өмірде қолдана білу, геометриялық фигуралар туралы толық түсінік алу, оларды салу, салыстыру, көбейту және бөлу амалдарын оқуға даярлық жасау, кестелік қосу, азайту бөлімдерін меңгеру.
 Меңгерілетін білім, білік, дағды: Бірлік, ондық, жүздікпен санау, амалдардың орындалу реті, жақшалы өрнектерді шешу, есептеу тәсілдері, өлшем бірліктері, геометриялық фигураларды өлшеу, сал. Олардың қасиеттері, санның құрамы, кестелік, кестеден тыс қосу, азайту, есептер, есептің құрылымы.

Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі
Қиашова Маржан Жұмағалиқызы
Логикалық математика курсына арналған күнтізбелік жоспары мен дидактикалық ойындар және логикалық тапсырмалар. жүктеу
2 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
6 - 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі - дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары Тақырыбы: Математиканың сан сырлары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×