Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақсақалдың ақ батасы

15 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасы.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: дауысты дыбыстардың жұп дауыстылар
болып айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру. Бата туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорларын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, көркем жазу арқылы ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, дидактикалық ойын.
Пәнаралық байланыс: математика.
Көрнекілігі: М. Әлімбаевтың суреті, суреттер, кестелер, бата кітаптары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: а) оқушыларды сабаққа дайындау ә) психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы: а) «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу. ә) « Менің атам» тақырыбында жазған әңгімелерін оқу.
Өткенді қорыту.
Д/ ойын «Кім жылдам?». Суретке қарап сөзді табу, дыбыстық талдау жасау.
Алма, бұзау.
Күрек, сөмке.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Жуан дауыстыларды ата.
- Жіңішке дауыстыларды ата.
1/. Сөздерді оқы.
Сан – сән от – өт ыс – іс ұн – үн
Нан – нән боз – бөз тыс – тіс тұс – түс
2/ Сөздердің мағынасын түсіндіру. Дауысты дыбыстардың ұқсас дыбысталуын
байқау.
А – Ә, О – Ө, Ы – І, Ұ – Ү жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады
47 - жаттығу. Жаңылтпашты тездетіп дұрыс оқыңдар.
Дән – дәулет
Дәулет – дән
Сән – сәулет
Сәулет – сән.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс.
48 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Біз ауамен дем аламыз. Адамға таза ауа өте қажет. Әуе ашық, таза.
- Ауа, әуе сөздерінің қайсысы жуан, қайсысы жіңішке?
«Әке көрген оқ жонар»
1/ Топтастыру.
Әке
Әріптерді алфавит ретімен қой
БАТА

Бата туралы айту
Батаны тойларда үлкен кісі береді. «Бесікке салу» «Тұсау кесу» «Сүндет той» тағы басқа тойларда беріледі. Ас ішіп болғасын бата береді.
Қазір бізге ата бата береді.
М. Әлімбайдың «Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін оқу.
М. Әлімбай суретін көрсету.
Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.

Мақалдар
Ата балаға сыншы.
● Ата - бәйтерек
Бала - жапырақ.
● Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер.

ІҮ. Қорытынды
- Кім бата біледі, бізге бата берсін.
Оқушылар өздері білетін баталарын айтады.

Венн диаграммасы
дауыстылар
А, о, ы, ұ
ә, е, ү, і

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Ү. Үйге тапсырма
«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін жаттау.
7 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау. Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
Мұзафар Әлімбай «Ақсақалдың ақ батасы»                                   Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. 46-48 жаттығулар.
Мұзафар Әлімбай «Ақсақалдың ақ батасы» Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. 46-48 жаттығулар.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Елдесбаева Нұржамал
Ақсақалдың ақ батасы
Ақсақалдың ақ батасы
Екібастұз қаласы, №26 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қожабаева Гүлжан Қалуадинқызы
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×