Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұзафар Әлімбаев "Бұл қай кезде болады?"

08 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
Сабақтың мақсаты:
Өлеңнің мазмұнын түсіндіру, диалогты әдісті қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру. ойлау, жүйелі, сауатты сөйлеу, танымдық қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, слайд, суреттер, гүлдер.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шеңбер болып тұрады. Психологиялық дайындық.
2. «Жаз», «Көктем», «Күз», «Қыс» сөздері бойынша топтарға бөлінеді.

II. Үй жұмысын тексеру.
1. «Балалар» деген өлеңді оқушыларға оқыту.
2. Өлең бойынша сұрақ - жауап алысу:
- Бұл мезгіл қай мезгіл туралы айтылған?
- Балалар қайда жүгіріп жүр?
- Қай жерде аунайды?
- Ауа - райы қандай деп ойлайсыңдар?
- Өлеңнің авторы кім?

3. Жаңа сабаққа кіріспе.
1. Сұрақ - жауап алысу
- Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Жуан дауысты дыбыстарды атап беріңдер?
- Жіңішке дауысты дыбыстарды атап беріңдер?
- Сөздің қанша буыннан тұратынын қалай білеміз?
- Сөзді қалай тасымалдаймыз?
- Қандай сөздер тасымалданбайды?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?

IV. Жаңа сабақ
Бүгін біз сендермен М. Әлімбаевтің «Бұл қай кезде болады?» өлеңімен танысамыз.
Оқушыларға М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп оның өмірбаянын айтып беру.

Бұл қай кезде болады?

Көбелек бір гүл де бір,
Қызыл жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.
Жидек пісіп, толдады.
Бұл қай кезде болады?
3. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
4. Оқушыларға өлеңді оқыту.

Сергіту сәті:
Оқулықпен жұмыс.
192 - жаттығу.
1. Мына сөздерге сөйлем құрап жазыңдар.
1. Қасында, бар, мая, үйдің, шөп, тұр.
2. Ұя, тауық, маяға, салыпты.
3. Жұмыртқа, ұяда, алты.
4. Малға, Үсен, берді, шөп.
5. Сүйсініп, бұзаулар, шөпті, жеді.
2. Қарамен жазылған сөздерді тасымалдап жазыңдар.
3. Құрастырып жазған сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгісін қойдыңдар?
Әр топқа 1 сөйлемнен тапсырылады. Соңғы сөйлем бірге орындалады.
193 - жаттығу. Оқушылармен бірге орындалады.

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ - жауап алысу.
2. Таратпалармен жұмыс, өзіндік жұмыс.
VI Қорыту.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: 191 - жаттығу.
5 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Қысқа мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 2 - сағат
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Заденова Меруерт Жумаханқызы
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×