Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру

07 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
"Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру"

Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай «Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру» деген тақырыпты таңдап, мақсат қойдым: «Оқушылардың есеп шығаруға деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Төмендегі міндеттері іске асыруды жоспарладым:
1. Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру арналған дидактикалық жинақ дайындау.
2. Дидактикалық жинақ тапсырмаларын іс - тәжірибемде қолдану.
3. Оқушылардың танымдық белсенділіктерінің дамуын, пәндік көрсеткіштерін саралап, талдау.

Теорияға сүйенетін болсақ, танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігі оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады. Осы арада шет елдік психологтар Дьюи мен Фишердің зерттеулері бойынша, оқушы «Не үшін? Неге? Не арқылы?» сұрақтары төңірегінде тереңірек ойлана бастайды

Қорытындылай келгенде, жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Ж. Аймауытов пікірінше: «Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды...» дегендей, ХХІ ғасыр мұғалімі заман ағысымен жүре білуі қажет әрі керек.
6 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Екі амалмен шығарылатын есеп
Екі амалмен шығарылатын есеп
Екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Есеп шығару, амалдардың орындалу ретін пысықтау, қалдықпен бөлуді орындау. Ой - өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын, таным - белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептерді шығаруға үйрету. Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Есмурзаев Бауыржан Қуанышбайулы
Математика сабағында пәнаралық байланыстарды қолдану
Математика сабағында пәнаралық байланыстарды қолдану
Пәнаралық байланыстар дегеніміз - жаратылыстану - математикалық цикліндегі пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×