Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулықтың достары мен қастары

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Денсаулықтың достары мен қастары
Мақсаты:
Білімділік: - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы сыйлық екендігін түсіндіру.
Тәрбиелік: денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: шығармашылық қабілетін, сөйлеу шеберліктерін шыңдау.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, тренинг әдісі, талдау жинақтау, сахналау.
Пәндермен байланысы: әдебиеттік оқу, дүниетану, валеология, денешынықтыру.
Құрал - жабдықтары: интерактивті тақта, тақырыптық суреттер, сызбалар.
Сабақтың міндеттері:
1. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілу үшін денсаулығын күтуді үйрету.
2. Шымырлыққа, шапшаңдыққа, күн реттелімін орындауға баулу.
3. Қиындықты жеңе біліп, сенімділікке үйрету.
4. салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге дағдыландыру

Сабақтың өту барысы:
І. Психологиялық дайындық (оқушыларды топтап отырғызу)
Бірінші топ - «Шымыр», екінші топ – «Сымбат».
Ұпайы текшемен беріліп отырады.
ІІ. Мемлекеттік Әнұранды орындау.
ІІІ. Алғы сөз. (интертақтамен жұмыс)
Көрнекі бейнелеп ойлау.
Тақтада 4 тақырыптық сурет берілген, оның үшеуінің желісі бір, ал бір сурет басқа мағына береді. Артығын алып тастап, суреттердің ортақ тақырыбын анықтау.
1. Жаттығу жасаған бала.
2. Аула тазалаған бала
3. Кір - қожалақ.
4. Диван.
Сабақ тақырыбын оқушы осы сурет желісінен шығарып алады.
«Денсаулықтың достары мен қастары».

Тренинг сатылары:
6. Бақытты өмір – сау дене, азат ақыл, адал көңіл
5. Салауатты өмір салты
4. Адамның көңіл - күйі (сергіту) Қисынды ойлау
3. Денсаулықтың досы мен қасы
2. Мақал сөздің мәйегі
1. Денсаулық зор байлық
1 саты «Шымыр» тобы «Байлық» сөзінің сызбасын құру.

«Сымбат» тобы
Деніміз сау, құрыш білекті, қайсар қайратты азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

Мұғалім – денсаулық дегеніміз – жанның, рухани ішкі дүниенің үйлесімділігі, бір - біріне мейрімділігі.
«Денсаулық – зор байлық» деген халық мақалы бар. Денсаулық - табиғи заңдылық, ауру кездейсоқтық. Сондықтан да ауырғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жөн.

2 - саты. Денсаулық тақырыбындағы мақал - мәтелдер айтып жарысу.
1. Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2. Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
3. Жан ауырса – тән азады, қайғы басса – жан азады. Т. б.
Көрінісі «Әже мен бала» (көрініс жайлы көзқарастар)

3 - саты. «Шымыр» тобы
Денсаулықтың достарын тізбектеу, шолу жасау.
А) өмірдегі ең қымбат алтын емес, адам. Ең қымбатты адам болғаннан кейін оған қажеті – денсаулық. Денім сау болсын десең денсаулық достарын біліп ал. Абай атамыз айтқан:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Ә) Адам - күш қуатты тамақтан алады. Тамақты асықпай дұрыс шайнап жеу керек. Дұрыс шайналмаған ас асқазанға зиян келтіреді.
Б) «Ауру – астан» дегендей денсаулыққа шипалы әрі жеңіл астың бірі – сүт өнімдері. Ол жайлы әдет – ғұрып жырларында:
Ақ сиырдың сүтін іш,
Ақ сүт берер саған күш
Шым - шым мөлдір суға түс,
Тұмау келсе қуа түс.
В) денсаулықтың досы – таза ауа, күн сәулесі.
Г) Адам еңбегімен қадірлі. Барынша көп қимылдап еңбек ету керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Денсаулық әліппесі
Денсаулық әліппесі
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байқадамова Ақмарал Асанқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Ең үлкен байлық - денсаулық
Ең үлкен байлық - денсаулық
СҚО, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Мұхамеджанова Ботакоз Аскерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×