Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл

17 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы,
Сайқын ауылы, М - С. Бабажанов атынданы ЖОББ мектебі
Темрешова Эльмира Таировна

Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Мақсаты: білімділік – жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Тәрбиелік – денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық – сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, карточкалар, тірек сызба. Барысы.

Кіріспе сөз. Бүгінгі « Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
I Ұйымдастыру
Оқушылар шеңберге тұрады.
Психологиялық тренинг. Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық.
Даярлық жұмыстары

а) Балалар қалай ойлайсыңдар адамның көңілді болуға неге байланысты?
Жауап: Дені сау адамның көңілі шат.
Ол бақытты Денсаулық – Зор байлық.
Денсаулық болса, бәрі болады.

ә) Балалар деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
- Ең бірінші спортпен дос болу керек.
Балалар, таңертеңгілік уақытта жаттығулар жасау керек екен

Аулада жүгірсек те зияны жоқ. Спорт туралы тағы да кім айтады?
Мұғалім: Олай болса. деніміз сау. құрыш білекті. Алып жүректі. қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (сызба көрсетіледі. сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады).
Денсаулық

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады. Сондықтан үш топқа бөлініп отырайық
1 – топ « Шымыр»
2 - топ « Денсаулық»
3 - топ « Сымбат»
Денсаулық дегеніміз - жанның, тәннің, рухани ішкі дүниенің үйлесімділігі, бір - біріне мейірімділігі.
«Денсаулық - зор байлық» деген халық мақалы бар.
Денсаулық - табиғи заңдылық, ауру - кездейсоқтық. Сондықтан да ауырғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жеңіл.
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса, сайысымызды бастайық!

Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.
I бөлім «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң, шымыр боларсың»
«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық - ел байлығы»
«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда»

II бөлім
Денсаулық тақырыбындағы мақал - мәтелдер айтып жарысу.
1 - оқушы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2 - оқушы: Көзің ауырса - қолыңды тый. Ішің ауырса - ауызыңды тый.
3 - оқушы: Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық.
Үшінші байлық - он саулық.
4 - оқушы: Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі.
5 - оқушы: Жан ауырса - тән азабы,
Қайғы басса - жан азады.
6 - оқушы: Жалқаулық - жаман ауру.

III бөлім
Карточкамен жұмыс
1 - карточка
«Денсаулық» себетіне өзіне пайдалы, дәрумендері мол жеміс – жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.
2 - карточка
Қандай ұлттық спорттық ойындарды білесің. Ойынның бір түріне тоқтал.
3 - карточка
Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін құр.
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

IV бөлім «Жарнама»
(1 – топ айранды жарнамалайды.)
1 - оқушы: Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт - табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
(2 – топ құртты жарнамалайды.)
2 - оқушы: Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады.« Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
(3 – топ сабынды жарнамалайды.)
3 - оқушы: Бұл -«Тазалық» деген сабын. Семей қаласында шығарылады. Бұл сабын денедегі әртүрлі микробтарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады.

V - бөлім «Салауатты өмір салты»
Мұғалім: Балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім - білік, дағдыларыңды сұрақ арқылы байқау болып табылады.
Сұрақтар
«Шымыр» тобына
Құрт ауруының сақтанудың жолдары қандай?
1 - оқушы: Одан сақтанудың жолдары:
- біреудің аузындағы сағызын шайнамау;
- әр адамның жеке орамалы, сабыны, тіс щеткасы болу керек
- үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т, б

«Денсаулық» тобына
Темекі тартудың адамға зияны қандай?
2 - оқушы: Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады.
Оның құрамында никотин бар. Біз темекіні тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз.

Темекіден жүрек, өкпе тамақ аурулары пайда болады.
Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.
«Сымбат» тобына
Иісқорлық деген не?
(бензин. керосин, иіс сулар, дәрілер, сыр, желім, әуесқойлығы шамадан зиянды заттар)
Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, деніміз сау болу үшін салауатты өмір салтын ұстанайық.
13 804
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық әліппесі
Денсаулық әліппесі
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байқадамова Ақмарал Асанқызы
Денсаулықтың достары мен қастары
Денсаулықтың достары мен қастары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жайтакова Ботагөз Түлепкерейқызы
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Ең үлкен байлық - денсаулық
Ең үлкен байлық - денсаулық
СҚО, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Мұхамеджанова Ботакоз Аскерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×