Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қамқор болып өсемін

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныбы — 1
Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін.
Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымын түсіндіру, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, мейірімділікті сезіндіре білу. адамдарға, табиғатқа, жан - жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдістері: сурет бойынша әңгімелеу, өлеңдер оқу, ойын - тапсырмаларды топпен әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, «тыныштық мезеті».
Қосымша құралдар: бейнетаспа

Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: қамқорлық туралы өлеңді қайталаймыз:
Мейірімді жүрекпен
Бөлісемін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілеп
Ізгі істерді жақұтты!
Бейнетаспадан мектеп оқушыларының құстарға жасап жатқан қамқорлығын көрсету. (құстарға ұя жасау, жемсалғыш жасап талға іліп қою,...)
Көрсетіліп болған соң балалармен оқулықтағы «Балапан мен мысық» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс. Бейне таспадан көргендері мен мәтіннен оқығандарын байланыстыра отырып, сұрақтарға жауап беру:
• Қазір біз табиғатқа қандай қамқорлық жасаймыз?
• Жан - жануарларға жанашырлықпен қараймыз ба?
• Үй жануарларына қандай қамқорлық жасаймыз?
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген ертегіні немесе мультфильмді көргендерің бар ма? – деп сұраймын. Олар ертегіні айтып береді. Содан кейін сұрақтарға жауап береміз.
• Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
• Қарлығаш қандай қайырымдылық жасады?
Жаңа ақпарат
Ақпаратта «Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді» деп айтылған. Оқушылар ақпаратпен танысып, өз ойларын қосып айтады.

Сергіту:
«Қандай қасиет қажет?» ойынын ойнау. Адамдарға, жануарларға қамқорлық жасау үшін қандай қасиеттер (сезімдер) керек? Түрлі - түсті кеспе қағаздарға жазылған сөздерді көтеремін дұрыс болса оқушылар оң қолдарын көтереді, бұрыс болса сол қолдарын көтереді. Мысалы: батырлық, махаббат, адамгершілік, аяушылық, қуаныш, жауапкершілік, ұқыптылық, әдептілік, ұят, ар, ізет, еңбекқорлық, қайырымдылық... т. б
Назар аударыңдар: Алпамыс пен Махаббаттың ақыл сөздерін оқып берем. Балалар мағынасын ұғып, естерінде сақтайды.

Қорытынды:
Біз бүгінгі сабақта адамдардың адамға, жан - жануарларға, табиғатқа жақсылық жасауы туралы және қамқорлықты риясыз жасау керек екенін түсіндік.- деп қорытындылаймын.
Жүректен – жүрекке:
Балаларды шеңберге тұрғызып мына өлең жолдарын қайталаймыз —
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды баламын.
8 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Тойбазарұлы «Қайтпай қалған қарлығаш» (әңгімелеу)
Т. Тойбазарұлы «Қайтпай қалған қарлығаш» (әңгімелеу)
Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, қыстап қалған құстарға қамқорлық жасауға, оларды баптап күте білуге тәрбиелеу.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОММДШО шет тілі мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасары Сайлыбаева Бақтыбала Аманбайқызы
Есептерді шығару
Есептерді шығару
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Құстар
Құстар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектеп МАД сыныбының тәрбиешісі Құрмашева Нұргүл Мұхамбетқалиқызы
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×