Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалқы және жалпы есім

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім. 333 - 337 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстарын орындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы: дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, сызба, ассоциация
Көрнекілігі: суреттер, слайд, сызба, ойын: «Кім жылдам?», «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлі

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1). Оқу – құралдарын тексеру.
2). Психологиялық дайындық.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
332 – жаттығуды 3 – 4 оқушыдан сұрау. Слайд бойынша суреттерін көрсету.
III. Өткен сабақты қорыту
IV. Ойын. «Кім жылдам?» Сыныпты топқа бөліп, оларға әр сөз табына сөз ойлау тапсырылады.
1 – топ – Зат есім
2 – топ – Сын есім
3 – топ – Сан есім
4 – топ – Етістік
Әр топтан қай топ көп сөз айтады?

IV. Жаңа сабақ
Ертегі: Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
333 – жаттығу. (Ауызша) Суретке қара, олардың астындағы сөздерді оқу.
Сөздердің бірі кіші әріппен, бірі үлкен әріппен жазылған. Не себепті деп ойлайсыңдар? Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын
жазайық. (Слайд көрсетіледі )
Алма(қыз), алма (жеміс)
Раушан (қыз,) раушан (гүл).
Қорытынды: Ереже. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас
әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.

V. Шығармашылық жұмыс
а). Алма сондай көрікті, Алма неге қызыл,
Екі бұрым өріпті. Жапырағы неге жасыл?
ә). Далада раушан гүлі жайқалады, Сабағын жақсы оқитын,
Ару көріп оны таңғалады. Раушан қыз әдепті.
Ресейдің Сочи қаласында ХХІІ қысқы олимпиада ойындары өтуде. Қазақстаннан 52 спортшы қатысуда.
Осы сөздердің ішінен зат есімді табу, сұрақ қою.
334 - жаттығу. Жаңылтпашты бірнеше рет оқып, жатқа айту. Кісі аты мен жер атын табу.
Арман – ата
Тарбағатай – жер аты
Бүгінгі күннің ретін көркем жазу.

VI. Дәптермен жұмыс
335 - жаттығу. Берілген жалқы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар.
336 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің бас әріппен жазылуының себебін дәлелдеу.
Жетісу - көркем өлке. Іле – осы өлкедегі үлкен өзен. Ол Балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.

VІI. Сергіту сәті: Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....
Деңгейлік тапсырма
1 – топ. Зат есімге сөздер ойлау.
2 – топ. Сөздер ішінен жалқы есімді табу.(Серік, ата, Жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы )
3 – топ. Сөздер ішінен жалпы есімді табу. (дәрігер, Алма, ұшқыш, құс, Ертіс, мектеп, Бурабай, ана, сабақ, Абай, сынып)
VIІI. «Шалқан» ертегісін айтып зат есімдерді тапқызу.

IХ. Семантикалық картамен жұмыс
Сөздер ------ Зат есім ----- Етістік ------ Сын есім ------ Сан есім
келді
ана
бес
сұлу
алма
отыр
қырық
жүз
көл
оқыды
биік

X. Бекіту. Ассоциация әдісі. Жалқы есімдерді жаз.
Жалқы есім

- Біз қандай сөз табын оқыдық?
- Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
ХІ. Топты, жеке оқушыны бағалау
Х II. Үйге тапсырма:
10 006
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш. Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы, қыз, қала, құс. Барлықтарың тақтаға қараңдар.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Жалқы есім және жалпы есім
Жалқы есім және жалпы есім
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі М. О. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Базар Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім. Сабақтың мақсаты:
Малта
Малта
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×