Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалқы және жалпы есім

08 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жалқы және жалпы есім» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстарынорындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы: дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, оқушылардың
сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, сызба, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, сызба, ойын: «Кім жылдам?», «Жүзім шоғы».

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1). Оқу – құралдарын тексеру.
2). Психологиялық дайындық.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 390 – жаттығуды 3 – 4 оқушыдан сұрау.
III. Үй жұмысын қорыту

IV. Ойын. «Кім жылдам?» Сыныпты топқа бөліп, оларға әр сөз табына сөз ойлау тапсырылады.
1 – топ – Зат есім
2 – топ – Сын есім
3 – топ – Сан есім
4 – топ – Етістік
Әр топтан қай топ көп сөз айтады?
IV. Жаңа сабақ.
Ертегі: Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.

Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын жазайық.
(суреттер көрсетіледі )
Алма(қыз), алма (жеміс)
Раушан (қыз,) раушан (гүл)
391 – жаттығу. (Ауызша). Сөздердің бірі кіші әріппен, бірі үлкен әріппен жазылған. Не себепті деп ойлайсыңдар.
Қорытынды: Ереже. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас
әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.

V. Шығармашылық жұмыс.
а). Алма сондай көрікті,
Екі бұрым өріпті.
ә). Далада раушан гүлі жайқалады,
Ару көріп оны таңғалады. Осы сөздердің ішінен зат есімді табу, сұрақ қою.

VI. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің жадысын көркем жазу.
Жаңылтпашты оқу. Жалқы және жалпы есімді табады.
Арман – ата
Тарбағатай – жер аты

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің бас әріппен жазылуының себебін дәлелде.
VІI. Сергіту сәті: «Айгөлек» әніне қимыл – қозғалыстар көрсету.
Деңгейлік тапсырма.
1 – топ. Зат есімге сөздер ойлау.
2 – топ. Сөздер ішінен жалқы есімді табу.(Серік, ата, Жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы ).
3 – топ. Сөздер ішінен жалпы есімді табу. (дәрігер, Алма, ұшқыш, құс, Ертіс,
мектеп, Бурабай, ана, сабақ, Абай, сынып).
4 – топ. Парақшамен жұмыс.

VIІI. Терме диктант. «Кім зерек?» ойыны.
Астана, ауыл, құлын, парта, Маржан, ана, Зайсан, жылқы, Жайық, Әсел, әке, көл,
Алатау, машина – жалқы және жалпы есімді ажырату.

IХ. Семантикалық картамен жұмыс.
Сөздер ------ Зат есім ----- Етістік ------ Сын есім ------ Сан есім
келді
ана
бес
сұлу
алма
отыр
қырық
жүз
көл
оқыды
биік

X. Бекіту. Венн диаграммасы.
- Біз қандай сөз табын оқыдық?
- Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?

ХІ. Топты, жеке оқушыны бағалау.
Х II. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 537
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш. Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы, қыз, қала, құс. Барлықтарың тақтаға қараңдар.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Түменбаева Құндызай
Жалқы есім және жалпы есім
Жалқы есім және жалпы есім
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі М. О. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Базар Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім. Сабақтың мақсаты:
Малта
Малта
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×