Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың сынын білдіретін сөздер

12 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер (слайдымен)
Мақсаты: Оқушылардың өткен сыныпта алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сауаттылыққа тәрбиелеу. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: қайталау
Әдісі: топтастыру, ойын, сөзжұмбақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Күтілетін нәтижесі: Оқушылардың білімі еске түсіп, тереңдейді. Өз бетімен жұмыстануға үйренеді.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
А) Амандасу, түгендеу, тексеру
Ә) Психологиялық дайындық
Амансың ба, күн!
Амансың ба, дос!
Амансың ба, шеңбер әнге қос!
Амансың ба, ғасыр!
Амансың ба, әлем!
Баршаға амандық сәлем!
2. Негізгі бөлім
Қызығушылығын ояту
Ойын: «Бәйге»
1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
3. Сөйлемнің соңынан не қойылады?
4. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
5. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
6. Не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөздер айт.
Суретпен жұмыс
Суреттегі не?
Гүл
Ол туралы не айтасыңдар? Ол қандай гүл?
Топтастыру
ГҮЛ

Әдемі, үлкен
жұпар иісті
түсі қызыл
жапырағы жасыл

Сендер бірнеше сөз айттыңдар. Олар қандай сөздер?
Заттың сынын білдіретін сөздер. Оларға қандай? деген сұрақ қоямыз.
Мұғалім тақтаға «гүл» сөзін жазады. Бұл – сөз.
Сөздер мағынасына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
Сөз

Заттың атын білдіретін сөз
Заттың қимылын білдіретін сөз
Заттың санын білдіретін сөз
Заттың сынын білдіретін сөз

Көркем жазу
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Р әрпін біз дұрыстап,
Әдемілеп жазайық.
Р – дауыссыз үнді дыбыс
/р /р / р /р /р /р /р /р
Риза рет рақым тор
Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Оқып, талдау.(ауызша)
- Не туралы айтып тұрғанын қай баған арқылы анықтауға болады? Оны анықтауға қандай сөздер көмектесті? Ол қандай сұраққа жауап береді?
- Қандай сұрағына жауап береді.
2 - жаттығу. (ауызша)
Қандай? Ақ, көк, жасыл, қызыл, сары, қара, көгілдір, көкшіл.
Бұл түстермен тағы нелерді бейнелеуге болады?
Дәптермен жұмыс
3 - жаттығу. Жұпар иіс, сұр торғай, көк шымшық, көңілді тоғай.
Сергіту сәті
Ойын: қарсы мағынасы бойынша қарама - қарсы сөз жаз.
Кең -
Ыстық -
Биік -
Жарық -
4 - жаттығу.
Қалың
Жирен
Қоңыр
Қызыл
Тәтті
Қышқыл
(аю, қанат, айран, ат, киім, алма)

Ойын: «Ол не?»
Ең жасқаншақ аң – қоян. Ол кішкентай сыбдырдың өзінен қашуға дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да аулайды.
Ой тоғаныс
Терме диктант
Күз, кең, мейірімді, қоңыр, бала, дәмді, ыдыс, тас.
Ойын: «Жалғасын тап»
Мақал
Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
Жамандық пайда етпейді
Жақсылық зая кетпейді.
Мақалдан заттың сынын білдіретін сөзді тап.
Мақалды қалай түсінесің?

Оқушы → әдепті, үлгілі, тәртіпті, таза, өнерлі, ұқыпты.

Бүгінгі сабақта қандай сөздерді еске түсірдік?
Заттың сынын білдіретін сөздер.
Сонымен заттың сынын білдіретін өздерге қандай сұрақ қоямыз?
Қандай?
Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
71 197
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Көп затты білдіретін сөзді тап а) кітап ә) балалар б) киім
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×