Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)

08 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.
ә) Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру.
б) Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілдері, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, жеке сюжетті сурет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық: Сыныбымыз тап - таза
Бор да дайын тақтада,
Ойымызды жинақтап
Отырайық партада.

ІІ. Жаңа сабақ.
1. (Жыл мезгілінің суретін көрсету)
- Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Жыл мезгілі.
- Біз қазір қай мезгілді өткізіп жатырмыз?
- Көктем.
- Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз көктем мезгіліне байланысты болады. «Көктем сәні» ертегісін өтеміз.
2. Оқушыларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, содан кейін оқушылар тізбектей оқиды.
Енді осы ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударайықшы.
- Қандай желек?,- деді Ақбөкен. Жасыл желек.
- Қандай иіс?,- деді Ит. Хош иіс.
- Қандай су?,- деді Қоян. Мөлдір су.
- Қандай аспан?,- деді Түлкі. Ашық аспан.
- Қандай самал?,- деді Бұғы. Салқын самал.
- Біз қандай сөздерге сұрақ қойдық.
- Жасыл, хош, ашық, салқын, мөлдір.
Бұл сөздер көктемнің түрін, иісін, сапасын білдіріп тұрған сөздер. Ендеше бізде мынадай ереже шығады.

3. Сендердің түсінген, түсінбегендеріңді білу үшін мына жаттығуды орындайық.
262 - жаттығу. Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Бұл сөздер нені білдіреді?
Сарғыш түсті, дөңгелек,
Ортасында дәні бар.
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар.
- Мұндағы сөздер сарғыш, дөңгелек, балдай тәтті.

Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер). жүктеу
2 102
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер
Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Майланова Тойдушат Елемесқызы
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Жезказған қаласы №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.( 1 сынып) Заттың сынын білдіретін сөздер. Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×