Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

17 мам 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі Чалбасова Жанар Мырзатайқызы

Сабақтың тақырыбы: Сан есім 515 – 520 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы оқушы ұғымын кеңейту, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгеру. Сөйлем ішінен сан есімді таба білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: СТО технологиясының әдістері, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын.
Көрнекілік: Суреттер, интерактивті тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану.
Күтілетін болжам: Сан есім түрлерін меңгереді.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақ бекіту
V. Сабақты қорыту
VІ. Үйге тапсырма
VII. Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындық.
«Шаттық шеңберін құру»
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену,
«5-ке» қол жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
514 - жаттығу. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.
6бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ.

Үй тапсырмасын бекіту.
«Жау жаңбыр» ойынымен орындату
- Балалар қазір қай мезгіл?
Көктемде жаңбырдың мол болуы, жаздағы бау – бақшаның, егіннің бітік өсуіне себепкер. Егер сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар жер анамызға тамшылар молынан тамады.

«Ой шақыру»
1 деген санның орнына бір деген сөзді қосып оқимыз.
1 – Бір
Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан
1 - ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,
«Тойдым»,- деп.
Естіп 1кез дү1ді
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Сөйлем ішінен сан есімді таба білуді үйрету.
2. Екі таңбалы сандардың жазылуы.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу

515 - жаттығу.
Неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жаз.
Жиырма екі, тоғыз, жетпісінші, сегіз, оныншы, елу, сегізінші.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 187
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×