Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімді пысықтау

28 қыркүйек 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жамбыл облысы,
Кордай ауданы, Сарыбулак селосы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сулейманова Салтанат Мырзашовна

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді пысықтау
Сабақтың мақсаты:
1. Сын есім туралы толық түсіндіру, үйрету.
2. Оқушылардың сын есімді табуға деген қызығушылығын, логикалық ойлауын, қиялын дамыту.
3. Сын есімге байланысты жаттығулар орындау, сөйлемдер жазғызу.
Сабақтың әдісі: Суреттермен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, құстар суреті, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, даярлықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
- Қане, балалар, түзу отырамыз.
- Қазақ тілі кітабымызды, дәптер, қаламсабымызды даярлап қояйық.

ІІ. Көктемнің алғашқы хабаршысы қандай құс? (Қарлығаш). Олай болса қарлығаштың тапсырмасын орындау. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
441 - жаттығу
А) Сөз таптарын ата
Ә) Зат есім дегеніміз не?
Б) Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
В) Етістік дегеніміз не?
Г) Сын есім дегеніміз не?

Психологиялық тренинг
Қолға қалам алайық,
Дәптерімізді ашайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық,
Бүгінгі күнді жазу.

III. Сабақты бекіту
«Кім тапқыр?» ойыны. Сөзжұмбақ шешу.
2 - слайд
1) Уақытты білу үшін неге қараймыз? (сағат)
2) Суда тіршілік ететін (балық)
3) Ас атасы (нан)
4) Далада самал (жел)
5) Бұлақтағы ағынды (су)
6) Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден. (кірпі)
7) Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)
- Қандай сөз шықты?
- Бүгінгі өтетін сабағымыз сын есімді пысықтау.
- Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі – сын есім.
- Сын есім дегеніміз не?
- Заттың сынын сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары қандай? Қай?

3 - слайд
- Мына жұмбақты шешейік
Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама
Бұл не? (кітап).
Қандай кітап
Қалың, жұқа, ертегі, қызықты.
Көркем жазу кітап..........................

4 - слайд
IV. Оқулықпен жұмыс жүргіземіз.
Шымшықтың тапсырмасы 442 - жаттығу. Берілгенін оқу, шешуін тап.
Жібек арқан сүйреткен,
Темір атты үйреткен. (жіп, ине)
Көк лағым көгенде жатып семіреді. (қарбыз)
Жарық күнде жолдасың,
Қараңғыдан қорқады. (көлеңке)

5 - слайд
Тотықұстың тапсырмасы 443 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
Үшкір тұмсық,
Сұр шымшық,
Сордан ұшты
Құрт шымшып.

V. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай балалар,
Үп - үлкен болып, өседі.

6 - слайд
- Мына суреттегі кім? (қыз)
Қыз туралы кім мақал айтады?
- Қыз өссе - елдің көркі.
- Қандай қыз? Әдемі, сұлу.
- Мынау не? (гүл)
Гүл туралы кім мақал айтады?
- Гүл өссе - жердің көркі.
- Қандай гүл? Қызыл, әдемі гүл

7 - слайд
444 - жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып, заттарды салыстыру.
Дәмі бойынша Бал тәтті, лимон қышқыл
Биіктігі бойынша Ағаш биік, аласа ағаш

8 - слайд
Суретпен жұмыс. Заттың түрін, түсін, сапасын жаз.
Алма қандай? Ат қандай

9 - слайд
Оқулықпен жұмыс
446 - жаттығу
Аңдардың аттарын оқы. Олардың ертегілерде қандай болып келетінін сәйкестендір (ауызша)
Қасқыр қорқақ және мақтаншақ
Түлкі қорқау және жыртқыш
Қоян қу және өтірікші

VI. Қорытынды
- Сонымен біз сабақта нені үйреніп, не білдік және не білгіміз келеді?
VII. Оқушыларды бағалау
VIII. Үй тапсырмасы 445 - жаттығу. Сын есімді қайталау.
13 605
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Зат есімді қайталаймыз
Зат есімді қайталаймыз
Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.
Біз нені үйрендік?
Біз нені үйрендік?
Жамбыл облысы, Кордай ауданы, Сарыбулак селосы. Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Салтанат Мырзашовна
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Етістіктің жіктелуі
Етістіктің жіктелуі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Сан есім
Сан есім
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×