Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері

15 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы,
М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің І санатты
бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Гулаим Еділқызы

Баяндама
Тақырыбы: Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа технология - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субьектісі - мұғалім. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс, қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет.

Білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсаты адамзаттың прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық – тарихи, саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам ілгері дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға, тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. Интернет желісі мен электронды поштаның кеңеюі, оның күнделікті өмірде қолданысқа енуі болашақ мамандардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.

Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең электрондық оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру оқушылардың білімін тексеру, тетілеу. Оқытуда компьютерді қолданудың екі бағыты бар:
1. Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, іскерліктер мен дағдылармен қаруландыру.
2. Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.

Қазіргі кезде мұғалім сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет - концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру қажет.
- оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда модельдеуге үйрету.
- компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай, оқушылармен неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.
- компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет. Сондықтан мұғалім оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерінің бірі – компьютер арқылы пәндік сабақтар өткізуі қажет

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инновациялық – педагогикалық идеялар
Инновациялық – педагогикалық идеялар
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы
Білім берудегі құзырлылық
Білім берудегі құзырлылық
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баты ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бағдарламашысы Култанова Куншара Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×