Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппе - білім бастауы

01 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
"Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Сейткалиева Светлана Несипбеккызы

Тақырыбы: «Әліппе - білім бастауы»
Өту формасы: бал
Мақсаты:
1) Оқушылардың әліппе кезеңінде алған білімдерін «Әліппе - білім бастауы» балында көрсету;
2) Оқушыларды жан - жақты дамыту.
3) Ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу; Отансүйгіштікке тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Безендірілуі: слайд шоу, әріптер, спорт залды ерекше дизайнда шарлармен безендіру
«Салауат әліппе» бейне баян
Барысы:
Фанфары
Бал жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы,
Байтақ елім, Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!,- дегендей биылғы жылғы 1*- сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің «Әліппе – білім бастауы» атты әліппемен қоштасу балына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
2 - жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости, родители,
3 - жүргізуші: (ағылшынша)
Бал жүргізуші:
Биылғы оқу жылы 1 - сынып бүлдіршіндері үшін ерекше жыл болды.
- Балалар, биылғы жыл несімен ерекшеленіп тұр?
1 - жүргізуші:
- Алғаш мектеп табалдырығын аттадық.
2 - жүргізуші:
- Алғаш оқулығымыз Әліппені қолымызға алдық.
Бал жүргізуші:
- Өте дұрыс, тағы да қандай ерекше сый - құрметке ие болдық.
3 - жүргізуші:
- А, әрине біз үшін өте қуанышты жағдай Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыйлығы.
Хормен: «Менің Отаным - Қазақстан» кітабын сыйға алдық.
(«Менің Отаным - Қазақстан» кітабының макеті келеді.)
Бал жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар ол кезде біз әріп танымайтынбыз, ал қазір оқи аламыз ба?
1 - жүргізуші: - Әрине оқи аламыз.
2 - жүргізуші: - Иә, біз «Менің Отаным - Қазақстан» кітабын сыйға алған кезде оқи алмайтынбыз, тек суреттеріне қарап қызығатынбыз.
Бал жүргізуші:
- Ендеше, осы кітаптағы Елбасымыздың сөзін кім оқып береді?
3 - жүргізуші:
- Қымбатты жас дос!
Сен жаңа белеске қадам бастың - мектепке келдің, оқушы болдың!
Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде сыйлық беріледі. Бұл кітап – менің саған жасаған сыйлығым!
Мектепте сені қызықты жаңалықтар мен ғажайып оқиғалар күтіп отыр.
Қазақстан – біздің Отанымыз. Өз Отаныңның тарихы мен мәдениетін, ана тіліңді білуің керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, осы кітабың көмектеседі.
Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен бірге сен де өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!
Нұрсұлтан Назарбаев.
1 - жүргізуші:
Халқымның көшбасшысы,
Жастарға ол сенеді.
Уәдені біз сақтаймыз,
Біз өрендер құр жатпаймыз
Үмітін Елбасының
Шынында біз ақтаймыз!
Бал жүргізуші:
- Менің елім!
Менің жерім!
Менің Президентім!
Осы сөздерде қаншама мақтаныш, қаншама шаттық сезім жатыр?!
Ендеше, біз балалар, өз елімізбен, Өз Президентімізбен бақыттымыз.
Президент сөзімен үгіт - насихат тобы ортаға шығады.
( 9 - бала шығады)
1 - бала:
Ынтымақпен бірлікпенен бақ тауып,
Халқымыз жүр Елбасымен мақтанып,
Нұрсұлтанмен алға жылжып барады,
Қазақ елі болашаққа аттанып.
2 - бала:
Нурсултан известно имя миру,
Казахстан он за собой ведет.
Верят Казахстанцы в его силу.
Президент народ не подведет!
3 - бала: ағылшынша
President cares about children
He builds schools and kindergartens
That thing knows every citizen
Every of us, especially grown - ups.
4 - бала:
Тәуелсіз қазақ елім,
Бақ қонған ғажап елім.
Халқымның көшбасшысы,
Артамыз сізге сенім.
5 - бала:
Елім деп - жерім деген.
Адымдап сенімменен,
Халқымның көшбасшысы,
Еңбектен ерінбеген.
6 - бала:
Елбасы заботится о детях,
Строит школы, детские сады.
Знает это каждый человечик
Каждый гражданин: и Я, и Ты.
7 - бала: ағылшынша.
He united the nations
He gave us peace and patience
We thank our father of nation
With respect and admiration
8 - бала:
Тәуелсіздік - басты байлық жүлдеміз,
Егеменді елміз мықты іргеміз.
Болашағын балалардың ойлаған
Елбасымыз Нұрсұлтанмен біргеміз.
9 - бала:
Атады әрбір таң күліп,
Шашып алтын шапағын,
Жер бетінде мәңгілік
Хормен: Жасай бер Ұлы Отаным.
Би Композиция.
1 - жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Әліппе балы басталды.
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
2 - жүргізуші:
I promise to be very, very good.
I promise to do the things I should.
I promise to make my bed each day.
I promise to put my things away.
3 - жүргізуші:
Сколько гостей нынче в зале у нас
Сколько улыбок, сияющих глаз!
Кажется, шире стал спортивный зал
Мы собрались, на свой первый бал
Музыка звенит, заливается
Бал первоклассников начинается!
Бал жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді балымыздың алғашқы вальсіне шақырайық ортаға.
- 1 - сынып ханзадалары мен ханшайымдарын қарсы алыңыздар!
- Құрметті Ханзадалар мен ханшайымдар! Балымыздың алғашқы вальсіне дайындалыңыздар.
Музыка: вальс әуені
Музыка: вальс әуені қосылады, бал жүргізушінің әмірімен балалар орындарына орналасып тұрады.
4 - жүргізуші
Тәрбие мен білім жараса,
Өткізіп тойды жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша!
5 - жүргізуші
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз!
1 - жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ
Өсті білім бойымыз
Бәрі: Құтты болсын тойымыз
Бал жүргізуші:
- Уа, қараңдаршы! Үлкен мереке болғалы жатыр, көп қонақтар отыр. 1 - сынып оқушыларында үлкен қуаныш екен, әліппемен қоштасып, үлкен білім бағына қадам аттағалы отыр.
2 - жүргізуші:
- Ой, неге тұрмыз, Әліппе ханшайымға, балдың басталғалы жатқанын хабарлайық!
Бал жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, бал ханшайымын орнымыздан тұрып қарсы алайық.
Фанфары Музыка ойналады. Әліппе кіреді.
Бал жүргізуші:
- Ханшайым, төрлетіңіз.(ортаға Әліппе ханшайымы кіріп тұрады)
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім - көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!
3 - жүргізуші:
- Мектеп - кеме, білім – теңіз демекші, мектептің басты мақсаты білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса бал ханшайымы өзіңе деген алғысымызды қабыл алыңыз.
●Хор «Әліппе»
● Үгіт - насихат тобы: Әліппеге арнау:
Бал жүргізуші агит бригада (9 бала) балаларын қасына тұрғызады. хор балалары кетеді, 9 бала қалып қояды
музыка ойналып 9 бала екі жаққа шығады.
1 - оқушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
2 - оқушы
Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
3 - оқушы
А - ны, айтқанда дауысымыз дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
4 - оқушы
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен, көзімді аштың.
5 - оқушы
Жүректерге сүйікті ең бір жақын,
«Абай» деп атамның жаздым атын.
Хатқа жазып ата - ана есімдерін,
Күнім бұл бірінші рет мақтанатын.
6 - оқушы
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге - кірпіш болып қаланғайсың.
7 - оқушы
Қош әліппем, биіктеткен асқарға
Қанат берген шарықтауға аспанға
Қоштассақ та ұмытпаймыз өзіңді
Тапсырамыз іні - қарындастарға
8 - оқушы
Білімге жолды бастаған
Әліппе саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс
9 - оқушы
Әліппем, менің әліппем
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Хормен: Әліппе саған рахмет!
Вальс музыкасымен, балаларды сахнадан шығарамыз
Бал жүргізуші:
- Әрине, әліппе білімнің бастауы, білімнің кілті. Ендеше Әліппе ханшайымы өзіңе арналған Қордабай Думанның орындауындағы Әліппе әнін тамашалайық.
Қордабай Думан Әліппе
Фанфары
4 – жүргізуші:
Мектебім алтын ұям нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді күміс сенің қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
5 - жүргізуші:
Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан - жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің
Көп затты осы мектептен үйренесің.
1 - жүргізуші
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай.
Бал жүргізуші:
- Кішкентай бүлдіршіндердің әліппе кезеңінде ағылшын тілін қалай меңгерген екенін тамашалайық.
(тақпақтарын айтады) Музыка әуенімен ағылшын тақпағын айтатын балалар ортаға келеді
- Назарларыңызға ағылшын тілінде «The Giggle Bellies» әнін ұсынамыз.
Музыка әуенімен ағылшынша ән балалар ортаға келеді
2 - жүргізуші:
Тілі бөлек болғанменен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Бал жүргізуші:
- Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен – дей келе Достық әнімен бал ханзадаларын ортаға шақырайық.
«Достық» әні ұлдар хоры
3 - жүргізуші:
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кеңпейілді сезім құшақ.
4 - жүргізуші:
Жан әке, бүгін бал ғой, би билейтін
Шаттыққа толы болсын әр минутың.
Атыңды асқақтатып біз ұстаймыз,
Кез келді дөңгеленіп би билейтін.
Бал жүргізуші:
- Назарларыңызға балымыздың «Әке мен кішкентай ханшайымдар» вальсін ұсынамыз.
●«Әке мен кішкентай ханшайымдар» вальсі.
5 - жүргізуші:
Ата отыр сәніміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
1 - жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Әке
Бал жүргізуші:
- Әке мен шеше, ата - мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. Ата - бәйтерек бала - жапырақ. Әкеден - ақыл, анадан - мейірім,- дейді халқымыз. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз бақыттымыз. Осы ұрпақтар жалғастығын бүгінгі Ата - Әке - Бала әнінде жақсы бейнеленген.
Қаламыздағы белгілі қаламгер, «Балқаш өңірі» газетінің редакторы Жанболат Башардың сөзіне жазылған, Алтынбек Қоразбаевтың әнінің әуенімен Ата - Әке - Бала әнін тамашалап көріңіздер.
●Ән «Ата - Әке - Бала»
2 - жүргізуші:
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым – тірегім
Ең жақын адамдар.
3 - жүргізуші:
Әжелерді сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап.
Әдеппеп бас иеміз.
Бал жүргізуші:
- «Әжелер көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары»,- дегендей
ортаға бал ханшайымдарын «Әже» әнімен шақырайық. (қыздар хоры)
4 - жүргізуші:
Анамыздың мейірлі,
Жүзіне біз қараймыз,
Анамызды пейілді,
Жомарт жанға балаймыз.
Бал жүргізуші:
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Әлдилеген анашым,
Алтыннан да қымбатсың,
Ақ сүт берген анашым.
- Ортаға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аналарымен ханшайымдар мен ханзадаларды шақырайық.
ФЛЕШМОБ
5 - жүргізуші:
Ата - анамнан кейінгі
Екінші адам өмірде,
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге,
Тәрбиелі, білікті, ол - ұстазың сүйікті!
1 - жүргізуші:
Шәкірт қана алаңы,
Өсиеті - адалдық
Тентек, сотқар баланы
Шығаратын адам ғып,
Тәрбиелі, саналы, ол - ұстазың сүйікті!
Бал жүргізуші: - Әрине, ол сүйікті ұстазың. Әрине ұстаз білімнің кілтін алып беретін қасиетті тұлға.
Кішкентай ханшайым Амантай Шансияны «Ұстазым» әнімен қарсы алайық.
Әліппе:
- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Ол ұстаздың қолынан ғана келеді.

2 - жүргізуші:
Достастырған Әліппемен,
Ұстазыма мың алғыс!
Білім нәрін төге білген,
Мектебіме мың алғыс.
Бал жүргізушісі: - Ендеше балымыздың ханзадалар мен ханшайымдарын мектепке, ұстаздарына арнаған вальсімен жалғастырайық.
(барлық оқушылардың залға жиналды)
Хор «Ұстаз деген асыл жан»
3 - жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз!
Ата - ана қуанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты, міне балаңыз!
Әліппе:
Рахмет, мені таза ұстадыңдар,
Ризамын, құрметті шәкірттер.
Меңгердіңдер, болмадық босқа тер,
«Ана тілі» досым бар. Сендерді жетелеп әкетер.
- Менің сендерге айтатын тілегім - жаңа достарыңды мендей сүйіп, мендей құрметтеңдер!
Әліппе: Құрметті бүлдіршіндер мен сендерге ризамын. Сендер өз өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Мен бір жұмбақ жасырайын, соны шешіп көріңдерші. Жұмбақты дұрыс шешсеңдер сыйлығым дайын.
Бал жүргізуші: - Ал, қане сый алу үшін жұмбақты жаңылмай шешейік
Әліппе: Жұмбақ Сөзі дана, Үні жоқ.
Сөйлемейді, Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап)
Бал жүргізуші:- Бәрекелді, балалар сендер дұрыс шештіңдер. Сыйымызды қошеметпен қарсы алайық. Оқушылар қол шапалақтайды. 5 жүргізуші сыйды әкеледі
4 - жүргізуші:
Кемшілікті кезінде кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде, өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай, көп шәкірттің досындай,
Қарлығаш Шәкәрімқызы осындай.
Бал жүргізушісі:
- Ортаға мектеп - лицейіміздің директоры Қарлығаш Шәкәрімқызын шақырамыз.
5 - жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтпақ аталар
Ата - аналарға сөз беріледі.
Бал жүргізуші:
- Құрметті қонақтар! осымен «Әліппе - білім бастауы» атты Әліппемен қоштасу балы өз мәресіне келіп жетті. Құрметті бүлдіршіндер! Осы білім бағынан терең білім алып, биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!
5 жүргізуші Қош сау болыңыздар
2 793
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Әліппемен қоштасу балы: "Әліппенің ар жағы - білім бағы"
Әліппемен қоштасу балы: "Әліппенің ар жағы - білім бағы"
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы жбб №15 орта мектебі,"КММ бастауыш сынып мұғалімдері: Толеуова Манира Мухаметкалиевна, Койшина Гакку Мынгышкызы, Сулейменова Жанар Нургаликызы, Кайдакешова Анар, Толеубаева Асем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×