Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Дарабоз" интеллектуалды ойыны

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Дарабоз» интелектуалды ойыны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1 тоқсан бойынша, 4 – сынып оқушыларымен бірге өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қорытындылау. Оқушылардың алған білімдерін сараптау, ой елегінен өткізу, өткен тақырыптарды еске түсіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, ақыл – ой қабілетін дамыту. Логикалық ойындар немесе басқа да ойындар көмегімен өткен тақырыптарды еске түсіру.
Тәрбиелік: Адамгершілік, ұлтжандылық, отанды сүюге, табиғатты аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Өткен тақырыптарды қайталау. Ойын сабағы.
Қолданылатын әдіс – тәсіл: логикалық ойын, сұрақ – жауап, интерактивті тақтада слайдпен жұмыс.
Сабақтың жабдықталу көрнекілігі: слайд және тақырыпқа байланысты әр түрлі суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабаққа әзірлігін пысықтау.
Кіріспе сөз:
- Балалар қош келдіңіздер! Бүгін біз сіздермен «Дарабоз» интеллектуалды ойынының 1 – кезеңіндеміз. Бұл интеллектуалды ойын сіздермен 4 тоқсан бойында жүріп отырады. Әр тоқсан сайын біз сіздер өткен тақырыптарды қайталап отырамыз. Яғни сіздерің тоқсан бойында өткен сабақтарыңызға байланысты интеллектуалды ойын өткізіледі. Бұл ойында әр бала өзі үшін жұмыс жасайды. Себебі біздің ойынымыздың тақырыбы «Дарабоз». Біз 4 тоқсанның аяғында сіздердің араларыңыздан бір «Дарабозды» анықтайтын боламыз. Сіздердің жұмыстарыңызды арнайы белгіленген әділқазылар алқасы бағалайтын болады. Ұпай саны аз болған оқушылар әр кезеңде ойыннан шығып отырады. Ондай болса сіздермен танысайық. Біздің ойынға 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б» сынып оқушылары қатысып отыр. Әр сыныпта «Дарабоз» болуға құштарланған 12 оқушы отыр. Сіздер дайын болсаңыздар біз ойынымыз бастайық. Біздің ойын 2 кезеңнен тұрады.
1 – кезең
Тақтада сіздердің 4 сыныпта өтіп жүреген пәндеріңізден сұрақтар берілген. Яғни «Әдебиеттік оқу», «Математика», «Қазақ тілі», «Дүниетану» пәндері. Бұл жердегі бір ерекшелік «Әр түрлі тақырыпта». Бұл ұяшықтарда сіздерге пәндерден тыс сұрақтар берілуі мүмкін. Алдыларыңызда әр пәннен 4 сұрақтан 4 түрлі ұяшық берілген. Сіздер ұяшықты таңдаған кезде пәннің аты мен ұяшықтың түсін айтуларыңыз керек. Керек ұяшықта берілген сұрақтарға жау бересіздер.
1 - Кезең
«Әдебиеттік оқу»
1. Суреттегі тұлғалар кім және қандай мамандық иелері?
Жауап: 1. Шәкен Айманов қазақ киносының королі
2. Шәмші Қалдаяқов композитор. Әнұранның әнін жазған
3. Кенен Әзірбаев қазақтан шыққан тұңғыш әнші.
4. Абай Құнанбаев – ақын. Қазақтың ұлы ақыны.
5. Мұхтар Әуезов – жазушы. Ақын Абай Құнанбаевтың өмір жолын «Абай жолы» кітабына түсірген.
6. Мағжан Жұмабаев – ақын, жазушы. Алаш Орданың бір мүшесі. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ату жазасына ұшыраған.
7. Ахмет Байтұрсынов – ақын, жазушы, аудармашы. Қазақ жеріндегі әдебиеттің негізін қалаушы. Мысалда жазып, басқа тілден аударған. Тұңғыш кітап жинағы «Маса».
8. Төле би – қазақ жерінде өмір сүрген Ұлы жүз қазақтарының биі болған. Адамдарға ақылдылығы, шешендігі, парасаттылығымен дау дамайды шешіп. Хандардың ақылшысы болған.
2. Айтыс дегеніміз не? Түрлерін ата...
Ақындар арасындағы сөз жарысы. Халық
ауыз әдебиетінің бір түрі.
1. Ақындар айтысы
2. Жұмбақ айтыс
3. Тұрмыс – салт айтысы
4. Қызбен жігіт арасындағы айтыс
3. Бейне сұрақ. Сұрақты 3 «А» сынып оқушысы Тайшыгарина Таңшолпан қояды.
4.

«Математика» пәнінен сұрақтар
1. Тәулік және сағатпен...
35 сағ, 50сағ, 96 сағ, 111сағ
Сантиметр...
5м, 10 м, 6м, 5 см
Жауап:
35 сағ – 1 тәулік, 11 сағ 5 м – 500 см
50сағ – 2 тәулік, 2 сағ 10 м – 1000 см
96 сағ - 4 тәулік 6 м 5 см – 605 см
111 сағ – 4 тәулік, 15 сағ
2. Шаршының периметрін ауданын тап
Ұзындығы – 30 см
Ені - 25 см
Р = 30 + 30 + 25 +25 = 110
S = 30 * 2 + 25 * 2 = 110

3. Амалдарды орында:
18 000 + 51 000 = 69 000
84 000 – 63 000 = 21 000
29 000 + 61 000 = 90 000
92 000 – 81 000 = 11 000
34 000 – 12 000 = 22 000
53 000 – 15 000 = 38 000
12 000 + 87 000 = 99 000
91 000 – 71 000 = 20 000
4. Амалдарды орында
253 457 – 400 = 253057
62 000 – 9 000 = 53 000
405 000 + 80 000 = 485 000
91 000 – 7000 = 84 000
789 000 – 80 000 = 709 000
82 000 – 6 000 = 76 000
100 000 + 20 000 = 120 000
56 000 - 9 000 = 47 000
«Қазақ тілі» пәнінен берілген сұрақтар
1. «Кітапхана» сөзіне дыбыстық талдау жасаңыз
Кітапхана - 4 буын, 9 әріп, 9 дыбыс, 4 дауысты, 5 дауыссыз дыбыс.
К – дауыссыз қатаң
І - дауысты жіңішке
Т – дауыссыз қатаң
А – дауысты жуан
П – дауыссыз қатаң
Х – дауыссыз қатаң
А – дауысты жуан
Н – дауыссыз үнді
А - дауысты жуан
2. Тиісті сөздерді қолдана отырып, сөйлем құрап жаз.
Әлемнің жеті кереметтерінің бірі Мысырдағы пирамида.
Ит жеті қазынаның, бірі болып саналады.
Ғарышқа екі қазақ ғарышкері ұшты.
Домбыраның, екі ішегі, тоғыз пернесі бар.
Елімізде, тоғызыншы мамыр Жеңіс күні тойланады.
3. Сөзжұмбақты шеш:
4. Дұрыс сөзді тауып қой
1. Дауысты дыбыстар 2 – ке бөлінеді. Жуан, Жіңішке
2. Сөйлеу 2 – ге бөлінеді. Ауызша және жазбаша
3. Сөйлем 3 – ке бөлінеді: Хабарлы, Сұраулы, Лепті
4. Дауыссыз дыбыстар 3 – ке бөлінеді. Қатаң, ұяң, үнді.
«Дүниетану» пәнінен берілген сұрақтар.
1. Қазақстан жеріндегі көлдерді атаңыз. Қай көлге қандай өзендер құяды тоқталыңыз.
Каспий - Жайық, Жем.
Арал – Сырдария, Амудария
Балқаш – Іле
Зайсан – Ертіс
2. Алғашқы адамдардың пайда болуы жайлы не айтар едіңіз?
3. Таулардың неше түрі бар? Оларды ата …
Жауап: Биік және аласа
Қосымша ұпай:
Биік тау дегеніміз – қысы – жазы басынан қар кетпейтін, жер бедерінен биікте орналасқан таулар.
Аласа тау дегеніміз – жер бедеріне жақын орналасқан. Сондықтан да қыста түскен қар, күн жылынғанда еріп кетеді.
4. Әлемнің жеті кереметін атаңыз
1. Хеопс Пирамидасы
2. Семирамида аспалы бағы
3. Эфестегі Артемида ғибадатханасы
4. Олимптегі Зевс мүсіні
5. Галикарнас мовзолейі
6. Колосстағы Радос алыбы
7. Александрия маягы
Қосымша ұпай:
Жер бетінде осы уақытқа дейін сақталған әлем кереметі қалай аталады? Ол қай жерде орналасқан?
Жауап: Хеопс пирамидасы. Египет
«Әр түрлі тақырыптарға» берілген сұрақтар
1. Ертегідегі сиқыршы «Күлшеқызға» күймені неден жасады?
2. Бейне сұрақ. Сұрақты 3 «Б» сынып оқушысы Қаздәулет Жәдігер қояды.
3. 2 таяқшаны қозғалту арқылы есептің дұрыс жауабын табыңдар
Бірінші кезеңді қорытындылай келіп ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.
2 – кезең
1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? Олар нешеге бөлінеді?
2. ҚР - ң жер көлемі...
3. ҚР - сы қандай мемлекеттермен шектеседі?
4. Дүние жүзінде неше құрлық бар?
5. Мұхиттар саны қанша? Оларды ата...
6. Ең ыстық материк...
7. ҚР - ң Елордасы қай қала?
8. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген?
9. Тудың авторы кім?

1. Жануарлар топтарын ата...
2. ҚР – ң мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім?
3. ҚР – сының Тәуелсіздігіне биыл неше жыл толды?
4. 1941 – 1945 жылдар аралығында Кеңес Одағында қандай оқиға болды?
6. Чарльз Дарвин кім?
7. ҚР – ң тұңғыш президенті кім?
8. Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?
9. Тұңғыш ғарышкер кім? Ол қай жылы, қай күні ғарышқа ұшты?

Сабақты қорытындылау: Ойынды қорытындылау әділ – қазылар алқасына беріледі. Әділ – қазылар оқушылардың ұпай сандарын есептен ақтық сынаға тек 7 оқушыны жібереді.
6 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді. 1. Дидактикалық ойындар. 2. Қозғалыс ойындары. 3. Рөлдік ойындар. 4. Грамматикалық ойындар. 5. Фонетикалық ойындар. 6. Лексикалық ойындар. 7. Іскерлік ойындар. 8. Интеллектуалды ойындар. 9. Ұлттық ойындар.
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
"Дарабоз" спорттық интеллектуалды сайыс
"Дарабоз" спорттық интеллектуалды сайыс
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, “Бейнеу лицейі”ММ. I - санатты дене шынықтыру мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×