Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сурет салғым келмейді

03 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№8 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Махамбетова Мереке Қазбағанбетқызы

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сурет салғым келмейді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді мазмұндауға, мәнерлі оқуға үйрету. Автор туралы қысқаша мағлұмат беру. Әдеби тілде сөйлей білуге үйрету
Дамытушылық: Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау, ойлау қаблеттерін дамыту. Өнерге деген қызығушылығын дамыту
Тәрбиелік: Үлкеннің сөзін тыңдауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың технологиясы: БжС ауызша сабақ – 1 картасы
Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі А) оқушыларды түгендеу
Психологиялық тренинг:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

І кезең: Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын бекіту «Нақты сұрақ, дәл жауап» бөлімі
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Өлеңде қандай мамандықтар туралы айтылады?
- Өлеңдегі Күләш пен Әміре деп кімдерді айтып отыр?
- «Бір қолымен әлемді екінші қолымен бесікті тербетеді» - деп кімдерді айтуға болады?

- Аналардың арасында да бір қолымен мектеп шаруасын, екінші қолымен үй шаруасын тындыратын аналар бар. Сондықтан ананы қадірлеп, құрметтеп бағалай білу ол сіздердің парызыңыз.
- Олай болса бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы да осы аналар жайлы болмақ.

ІІ Жаңа сабақ кезеңі
Қысқаша автор, тақырып туралы мағлұмат беру.

Есте сақтау кезеңі – (30 секунд) тірек сөздерді жаттау
Тірек сөздер:
1. Ағай
2. Ана
3. Өнер әлемі
4. Жамал
5. Ержан
6. Шеше бейнесі
7. Оқиға
Жатқа жазу –( 30 сек) ІІ бағалау кезеңі
Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқыту (5 – минут)

Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген тірек сөздерді тауып, тақырыптағы мағынасын ашады. Сонымен бірге балалар мәтінді өте қатты көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім қарама - қарсы және сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде әрбір деталға көңіл аудару керек. Картаның негізгі мақсаты, оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып оқу материалын сапалы меңгерту және сыныптың барлық күш - жігерін берілген тақырыпты ақпаратты өңдеуге біріктіру.

III кезең.
Тірек сөздер бойынша қиылыс сұрақтары. матрица бойынша отырған балалардан сұрап, бағалау.

III кезең. Матрицаға бағалау кезеңі

ІҮ кезең. Сын тұрғысынан сұрақтар қою
• Бұл жолы мұғалім бір емес, бірнеше альбом ала келіпті
• Түрлі түсті ермексаз партаның астында шашылып жатыр
• Ағай серпіле сөйледі де, әл жинағандай аз тоқтады
• Біз планетамызды әрдайым үлкен доп деп санаймыз
• Жер бетіндегі тіршілік атауы анадан басталады
• Ұстаз туралы сөздерімді тым жұмбақтап айтып кеткен жоқпын ба? – деп Салауат ағай сөзін жалғастыра берді
• Өнер әлемінде ана тақырыбын әу деп, алғаш шырқай ән салғандар – эстрада әншілері
• Олар сүйікті мектебінің сұлбасын тасқа қашап салды
• Одан беріде ертедегі мысырлық суретші ана мен жар бейнесін Нефертитидің әйгілі мүсініне дарытты
• Қайта – қайта анамның сөзін гүрілдеген дыбыс бұза берді
• Анам дыбысқа мән бермей сөзін жалғастыра берді
• Тырсылдаған дыбыс шыққан жаққа қараса ағай алдындағы қағазға қаламмен сызып отыр екен
• Еңкейіп жерге түскен акварелін аламын деп пе, әлде ұялғаннан ба Ержанның беті қып – қызыл болып кетіпті
• Ағай бәріне неге бүйттіңдер? - деп сұрап қазбалады да, тыныш отыр деп жекіді (жоқ)
• Олар орнына отырып тыныштала қалды
• Кітаптың бетін қайта ашты да әдетіне кірісті
• Менің сурет салғым келмейді – деді
• Портфелін көтеріп алды да, сыртқа қарай ентіге жүгірді
• Бүкіл класс осылай болғанын Салауат ағайдан көріп шулай кетті
• Ержан табалдырықты жүре аттап, артына бұрылмай кетіп қалды
• - Не болды өзі? Не жаздым? Қай жерден кемшілік кетті? – деп, класс алдында тұрғанын кеш аңғарса да, тез қалпына келді.

Қорыту:
Мақалдың жалғасын тап
Ана сүтін ақтамағанды
..........................................
Ата – ананың қадірін
....................................
..... алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
......... көңілі балада,
Баланың көңілі далада

- Балалар аналарымызды әрдайым қуантып жүрейік. Ана деген өмірдегі жаныңа ең жақын адамдардың бірі.

Ү. Бағалау кезеңі: Матрица бойынша
Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндау. Ана туралы шағын эссе жазу.
8 084
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»
Мысалды түсініп оқып, мағынасын аша отырып негізгі ойды анықтауға үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×