Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»

12 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Мысалды түсініп оқып, мағынасын аша отырып негізгі ойды анықтауға үйрету. Оқушылардың ой – өрісін кеңейту.
ә) тәрбиелік: Адамдыққа, адамгершілікке баулу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, белсенділігін, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту, өз – ойын жүйелі, нақты жеткізе білуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ой қозғау, проблемалық
Көрнекілігі: Автор портреті, мазмұнды суреттер, сұрақ – жауап үлестірме парақтар, тірек – сызбалар.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері, дүниетану
Техникалық құрал: Мультимедиалық құрылғы

І. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
— Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою.
І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболістрділеріатк - бірлік)
ІІ топ: жіңішке дауысты дыбысты сызып тастап шыққан сөзді оқы ( ідеоөсетиыәқ - достық)
ІІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы
(бжгадқвсзыблғыжқ - Жақсылық)

І топ «Бірлік» ІІ топ «Достық» ІІІ топ «Жақсылық»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ой қозғау «Блиц - бақылау» әдісі
Әр топқа өткен тақырыптар бойынша жеті сұрақтан қойылады оқушылар дұрыс жауаптарды айтады, оқушылар жауап номерінің алдына «+» немесе «-» белгісінің бірін қойып отырады
І топ
Cұрақтар келісемін келіспеймін
1. Түркістан – бабаларымыздың көне қаласы. +
2. Түркістан қаласы еліміздің солтүстік аймағында орналасқан. -
3. Түркістан өлеңінде ақын тұран деген сөзді жиі қолданады +
4. Тұранда ертеде Ер түрік, Арыстан баб, қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі тұрған.+
5. Түрік еліне орыстар, немістер, украиндер жатады -
6. Тұранда хандық құрған Қасым хан.+
7. Абылай хан Түркістанда жерленген. +

ІV. Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсарин
Өмірі жайлы мағлұмат
1. Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан.«Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған.
2. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп, көзбен оқу. Топқа бөліп оқу
(Автордың сөзін оқу, қарға, көк кептер, жылан, бұғы, Ақжүрек ақсақал)

Сөздікпен жұмыс
Оқушыларға мағынасын түсіну қиындық келтіретін сөздердің баламасын жазу
Ақжүрек – адал, ақ ниетті.
Байлаулы – біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті
Дүниеден безу - барлығынан жалыққан пенде.
Түнемек болып - қонатын орын.
Кеңес құрады - ақылдасу, пікір алмасу.
Қастық - біреуге ор қазу.
Тән - адамның жан дүниесі, болмысы.

Сергіту сәті
Балаларға арналған әнмен сергіту
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?» жүктеу
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?» слайдты жүктеу
1 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Құмырсқаның қанағаты
Құмырсқаның қанағаты
Атырау қаласы, Жұлдыз ықшам ауданы , Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі нің бастауыш сынып мұғалімі Бисешева Талапты Құсайынқызы
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Саурбаева Жибек Танатаровна
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×