Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы мен әрпі

07 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,
Жамбыл атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Длмуханова Бибигуль Кабекеновна

Сабақ тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Б дыбысы мен әрпін таныту. Б б дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарады. Қазақ тілінде сөздердің басында ортасында келетінін меңгереді.
1) Мазмұнына байланысты: Бб дыбысына берілген сөздерді дұрыс оқуға, дыбыстық талдау жасауға, сөйлем құрау арқылы сөйлеу тілдері қалыптасады.
2) Сын тұрғысынан ойлау; Балалар сөзден сөйлем құрап, сөйлемнен мәтін құруға жаттығады.
3) Топпен жұмыс; Өлең - тақпақ жаттап, танымдық тапсырмалар орындау арқылы ұжымдық қарым - қатынасы нығаяды.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ, Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқу танымдық әдіс, байқау - бақылау әдісі

Сабақтың жүру барысы:
1. Қызығушылықты ояту:
а). Жылулық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін көп адам нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын, көрген жан мына бізден!

ә) «Буыннан сөз құрау» ойыны:
ма ---
мақ ----
мон ----
(та, қал, рал, ман, пал, ша, шақ)

2. Мағынаны тану:
«Көл жағасына саяхат»
Бақа кезікті:
Бақа, бақа бақылдадың,
Суға түсіп қақылдадың.
Дірілдейсің жаурадың ба?
Суда нең бар, ақымағым?
Ба - қа сөзін буынға бөлу, Бб дыбысы мен әрпін таныту.
Бала кезікті: Бала тапсырмасы: Жұмбақ:
Қызықтырып әркімді - ақ,
Суда жүзер жалтаңдап.
«Б» әрпінен басталған,
Сол жәндіктің атын тап? (Балық)
Бала балық ауламақшы. Қармағына балық ілікпеді.
Балық аулауға көмектесу.

Оқулықпен жұмыс:
Бағанда берілген буындар мен сөздерді оқу.
(Бб дыбысы қазақ тіліндегі сөздердің басында және ортасында келеді. Кейбір орыс тілінен енген сөздердің соңында келеді. Клуб, Штаб, Куб. т. б.)
Дәптермен жұмыс:
Бб әрпін жазады.
3. Ой толғаныс: «Б»- дан басталған бес сөз:

Толық нұсқасын жүктеу
2 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы түсінік беру, берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету П дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау, сөйлемдер құрату. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрісін, тілін дамыту
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп Карменбаева Шолпан Нурхасимовна
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсегалиева Бақтылы Айғалиқызы
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×