Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалқы есім мен жалпы есім

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім
Мақсаты: Жалқы есімді сөздер бас әріппен жазылатынын, жалпы есімдер кіші әріппен жазылатын зат есімдер екенін біледі.
Күтілетін нәтиже:
1. Зат есімнің түрлерін, оның ішінде жалқы, жалпы есімді меңгереді
2. Жаттығулар орындай отырып, өмірмен байланыстырады.
3. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық байқалады.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: Ж. Қ. Балтабаева. М. Қ. Солтанғазиана. Ф. С. Лекерова. 2 - сынып. Алматыкітап, 2013. Методикалық нұсқаулық, дидактикалық материалдар, флипчарт, стикер, маркер. Жұмыс дәптері

Сабақтың барысы
Кіріспе: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, құрал - жабдығын тексеру, назарларынын сабаққа аудару.

Психалогиялық дайындық: Оқушылар сабақтың көңілді, сәтті өтуіне тілек тілеп, бір - біріне күлімсіреп жылулық нұрын себеді. күнмен сәлемдесейік.
Сәлем Күн - Анамыз! /қол жоғарыда/
Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/
Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/
Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/

Топқа бөлу: Қима суреттер үлестіру арқылы топқа бөлу. Оқушылар суреттер арқылы сөз таптарын анықтап, зат есім, сын есім, сан есім, етістік болып 4 топқа бөлінеді Әркім өз тобына барып отырады.

Сұрақты қағып ал әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Тіліміздегі сөздер неге бөлінеді?
3. Зат есім дегеніміз не?
4. Кім? кімдер? не?, нелер? сұрақтарын қандай жағдайда пайдаланамыз?
5. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

Тұсаукесер: Визуалды оқыту.
Оқушыларға алдыңғы сабақты байланыстыра отырып сұрақтар қойылады.
1. Бізді қоршаған нәрселердің барлығы не деп аталады? Бізді қоршаған нәрселердің бәрі заттар деп аталады.
2. Бізді қоршаған заттар қандай күйде кездеседі? Деректі және дерексіз күйде кездеседі.
3. Деректі заттар деген не? Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар. Мысалы: мұғалім, оқушы, кітап, гүл, парта, мектеп.
4. Дерексіз заттар деген не? Олар елеусіз көзге көрінбейтін, қолға ұстауға болмайтын заттар. Мысалы: жел, ауа, ақыл, арман, қиял, сезім, тілек, ән.
Ендеше мына тақтадағы кестеге назар аударып қарайық, бұл кестеден зат есімнің қандай сұрақтарға жауап беретінін көріп тұрмыз, оны алдыңғы сабақтан білеміз.

Сонымен зат есімнің бірнеше түрі бар, соның бүгін жалқы есім мен жалпы есім деген түрімен танысамыз. Таныспас бұрын есімізге түсірейікші, бас әріппен жазылатын қандай сөздермен танысып едік?

Негізгі бөлім
Ойлан, жұптас, бөліс.
Суретте не көріп тұрсыңдар? ҚР - ның картасы.
Картада нелер бейнеленген? Қалалар, өзен - көлдер, таулар. (атауларын атайды)
Үй жануарларының суреттері көрсетіледі. Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз?
Ереже шығару: Олай болса балалар, кісі аты - жөні,, жер - су аттары, жан - жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады. Яғни жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Сонымен, жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

Топпен жұмыс. 4 топқа 1, 2, 3, 4 - жаттығулар бөліп беріледі.

І топ: 1 - жаттығу. (Ауызша). Өлеңді мәнерлеп оқы. Адам аттарын тауып, сұрақ қой. Адамның аты - жөні қандай әріптен басталып жазылған.
Талғат, Мәншүк, Төлеген, Тарғын, Қамбар, Өтеген, Нұркен, Мәлік, Қабанбай, Бауыржан, Бөгенбай. Аталған адам аттарын топтастыр.
Топтастыру:
Ұлы Отан соғысы батырлары Жоңғар - қазақ соғысы батырлары Қазақ - ауыз әдебиеті батырлар жырынан
Талғат, Мәншүк, Төлеген, Нұркен, Мәлік, Бауыржан. Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген, Тарғын, Қамбар,

- Олардың мақсаты не болды? Елін - жерін, Отанын жаудан қорғау.
І топтың дарынды оқушыларымен жұмыс.
- Осы батырлар туралы қысқаша мағлұмат береді.
Дәптермен жұмыс.
ІІ топ: 1 - жаттығу. Мәтінді оқы. Жалқы есімдерді теріп жаз. Мәтінді қалай атауға болады? Маңғыстау, Қаныш Сәтбаев, Қарақия.
ІІ топтың дарынды оқушыларымен жұмыс. Маңғыстау және Қ. Сәтбаев туралы мағлұмат береді.

Сергіту сәті: "Күн мен түн" ойыны. Шарты: Мұғалімнің бұйрығы бойынша "Түн" дегенде балалар "ұйықтайды". Мұғалім бір оқушының алдына "кім?", "не?", "кімдер?", "нелер?" немесе зат есімдерді айтады оқушылар "оянып", сол сұраққа жауап береді не зат есімнің жалқы не жалпы екенін айтады.

ІІІ топ: 3 - жаттығу. Алдымен кісі аттарын, содан соң қала аттарын жаз.
Кісі аттары: Алтынай, Біржан, Естай, Ақан.
Қала аттары: Астана, Семей, Ақтау, Көкшетау, Қарағанды, Шымкент.
ІІІ топтың дарынды оқушыларымен жұмыс. Осы қалалар туралы не білесің?

р ы с
қ т а у
с т а н а
р қ а л ы қ
ІҮ топ: 4 - жаттығу. Сөзжұмбақты шеш. А әрпімен басталатын қала аттарын тауып жаз.

ІҮ топтың дарынды оқушыларымен жұмыс. Осы қалалар туралы не білесің?

Қорытынды:
1. Төмендегі сөздердің жалпы атауын ата.
- Астана, Алматы, Талдықорған - бұлардың жалпы атауы - қала.
- Балқаш, Алақөл, Қаратал - бұлардың жалпы атауы - өзен - көлдер.
- Құлагер, Ақтөс, Марғау - бұлардың жалпы атауы - жан - жануарлар.
- Қандай туыстық атауларды білесіңдер? әже, ата, аға, әпке, ата - ана т. б.
2. Текшедегі сөздерді оқы, сұрақ қой, қай сөз табына жататын анықта және сөз табының қай түріне жататынын айт.
Айман, әке, Қызылорда, парта, кітап, Нариман, Дихан, әже, інішек, Каспий, сөмке, Алабай, құс.

Үйге тапсырма
136 бет. 5 - жаттығу. Суретте бейнеленген зат атаулары жалқы есім бе, жалпы есім бе? Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз.

Бағалау: Бағалау ағашы.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздерін бағалайды. Бағалау ағашының қай тұсында тұрған стикер жапсыру арқылы белгілейді және неге екенін дәлелдеп айтады.
38 822
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш. Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы, қыз, қала, құс. Барлықтарың тақтаға қараңдар.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Зат есім
Зат есім
Зат есімнің жасалу жолы, зат есім жасайтын жұрнақтар жайлы мәлімет беру, басқа сөз таптарынан ажырата алуға, сұрақ қоя білуге үйрету;
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Зат есім
Зат есім
Нұрғазина Айжан Сеитқызы Бастауыш сынып мұғалімі Астана қаласы № 53 мектеп - лицей
Жалқы және жалпы есім
Жалқы және жалпы есім
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×