Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

30 қыркүйек 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі. 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: Білімділік: зат есім туралы түсінігін бекіту; сөйлем ішінен зат есімді таба білу; зат есімнің жекеше және көпше түрі, жалпы және жалқы есім туралы алған білімін пысықтау.
Дамытушылық: алған білімін қолдана отырып ойын арттыратын тапсырмаларды орындау шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ұйымшыл болуға баулу.
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» стратегиясы. Оқушылар тез арада зат есімге қатысты не білетіндерін тізіп жазады. Алдымен әр оқушы жеке - жеке жазады, содан кейін әдеттегідей топта, сосын сынып болып орындап, бір - бірінің жазғандарын толықтырады.
Мысалы:
1. Заттың аты.
2. Кім? Не? Кімдер? Нелер?
3. Жекеше, көпше түрі.
4. Жалпы есім, жалқы есім.
5. Әртүрлі мағынасы болады.
6. Қосымша жалғанады.
7. Заттық мағыналы сөздер жиі қолданылады, т. с. с.
Мағынаны тану кезеңі
Тақтаға бірнешеш зат есім жазылады:
Жаңбыр, шегіртке, шыбын, сауыншы, дауыс, нағашы, немере, тасқын, сатушы, директор, қоңыз, әпке, жүргізуші, сіңлі, боран, ара, есепші, найзағай, аға.
1 - топ. Табиғат құбылыстары атауларын теріп жаз.
2 - топ. Мамандық атауларын жазады.
3 - топ. Жәндік атауларын жазады.
4 - топ. Туыстық атауларын жазады.
Оқулықтағы тақырыптың басында берілген сөйлемдерді ауызша толықтырады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы сұраққа толық жауап берулерін қадағалайды.
1 - жаттығу сұрақ қоя отырып, зат есімдерді табуға дағдылануды көздейді. 2 - жаттығудағы жалқы есім, жалпы есім; зат есімнің жекеше, көпше түрлеріне байланысты тапсырмаларды орындағаннан кейін, Венн диаграммасы арқылы салыстырады. Балалар өз мүмкіндіктерінше білгендерін толтырады. Соңынан бірін - бірі толықтырып, ортақ кесте жасайды.
1. Зат атулары
2. Туыстық атаулары
3. Жәндік аттары
4. Құстардың аттары
5. Сөйлем ішінде кіші әріппен жазылады

1. Зат есім
2. Заттың атын білдіреді
3. Сөз
4. Кім? Не? Кімдер? Нелер

1. Жер суаттары
2. Кісі аттары
3. Тау аттары
4. Өзен, көл аттары
5. Қала аттары
6. Үй жануарларының аттары
7. Бас әріппен жазады

3 - жаттығу барысында оқушылар сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасап үйренеді. 4 - жаттығуды орындау арқылы туынды зат есімдер туралы алған білімін пысықтайды. 5 - жаттығу бойынша берілген сөздерден адам есімдерін құрап, олардың зат есім екенін анықтайды.
Ой толғаныс
«Заттың атын білдіретін сөздер қалай пайда болады деп ойлайсың?» деген сұраққа өз ойларын жазады («Еркін жазу» стратегиясы).
6 838
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×