Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты –
Білімділік: зат есімнің жасалу жолы, зат есім жасайтын жұрнақтар жайлы мәлімет беру, басқа сөз таптарынан ажырата алуға, сұрақ қоя білуге үйрету;
Дамытушылық: шығармашылық, ойлау, таным қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұжымдық ынтымақты берік ұстануға, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға үлес қосуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекі құралдар: тірек - сызбалар, тақырыптық бүктемелер;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, топтық, көрнекілік, сұрақ - жауап, іздендіру,

Ұйымдастыру:
1) Психологиялық дайындық:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу
Жаңа сабақты түсіндіру
Зат есім: заттың, құбылыстың, ұғымның атын білдіріп кім?, не? деген сұраққа жауап беретін сөздер
Мысалы: бала, оқушы, кітап, білім.

2 - тапсырма
Мақалдың жалғасын тап. көп нүктенің орнына зат есімдерді жаз. Зат есімдерге сұрақ қой.
1)......... елдің анасы, Ел ердің анасы.
2)........... оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

3)........... соққан пышағынан танисың.
............ ептілікті сүйеді.
4)........... мыңды жығады,
білекті бірді жығады.

3 - тапсырма Жұмбақтардың шешуін тап. Зат есімдерді құрамына қарай талда.

От ішінде үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі.
Ілгегінде ілгені. (таға)

Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)

Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?.... (домбыра)

Сабақты қорытындылау: тестік жұмысты орындау
Дара зат есімді көрсетіңіз.
1. А) тұрған
В) қиял
С) күшті
2. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) зейін
В) білгіш
С) әдеп - ғұрып
3. Деректі зат есімді көрсет
А) адам
в) дін
С) күшті
4) Зат есімнің сұрақтары:
А) кім?, не?
В) қалай?
С) не себепті?
5) Жалқы есімдерді көрсет
А) бала
В) қала
С) Қазақстан
6) Жалпы есімді көрсет
А) орындық
В) Сарыарқа
С) Қарағанды

ҮІ. Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
ҮІІ. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс. Жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстырып
«Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.

Қыдырқанова Әлия Қыдырқанқыз
1 887
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Сақтағанова Гүлжан Мұратбайқызы
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Зат есімнің тәуелденуі
Зат есімнің тәуелденуі
Петропавл қаласы Бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджанова Ботагоз
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×