Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ

29 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға түбір мен қосымша, сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертіп, туынды сөз жасайтын жұрнақ туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімдерін тексеру
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтастыру, ауызша, жазбаша жұмыстар, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен психологиялық дайындық жасау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. Күн ретін жазу.
2. Көркем жазу. (С с әрпін дәптерлеріңе)
Үлкендерге әр уақытта сәлем беру керек.

- Балалар әр істің көшбасшысы болады. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда көп білетін көшбасшымызды анықтайтын боламыз. Бұл сайыста озып шыққан оқушы «Пән көшбасшысы» атанады.

Ойын бес айналымнан тұрады.
1-ші айналым - «Бәйге»
2-ші айналым – «Тіл өнері»
3-ші айналым – «Жеті жұмбақ»
4-ші айналым – «Дода»
5-ші айналым – «Жорға»

Бұл ойынның шартын әр айналымның алдында түсіндіріп отырылады.
1-ші айналым «Бәйге». Үй тапсырмасын бекіту.

1. Сөз оның құрамы дегеніміз не?
2. Түбір мен қосымша дегеніміз не?
3. Жұрнақ дегеніміз не?
4. Туынды сөз қалай жасалады?

ІІІ Жаңа сабақ. Пысықтау сабағы.
2-ші айналым «Тіл өнері».
1-жаттығу. Сөздерді оқып, мағыналарындағы айырмашылықтарын салыстыру.
Тау –таулы, сыпыр-сыпырғыш, ойын-ойыншық, ем-емхана, біл-білгір.
Тау - түбір сөз. Таулы – түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөз.
(Әр сөздің мағыналарына түсінік беру)

3-ші айналым «Жеті жұмбақ»
2-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жұрнақтарын тауып белгілеу.
Жұмбақтың шешуін бірінші тапқан оқушы орындайды.
Жаздай тынығады,
Қыстай зымырайды. (Шана)

Үстінде есігі,
Өзі орындық, өзі үстел,
Оқушының бесігі. (Парта)
Сергіту сәті.

4 –айналым «Дода»
Ойын: «Менің орным қайда?»
3-жаттығу. Сөздерге –шы, -ші, -лы, -лі, -ды, -ді жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.
Оқу, сурет, су, пайда, жауын, көңіл.

ІV Сабақты қорытындылау.
5-ші айналым «Жорға»
1. Карточкамен жұмыс. Мына схема бойынша түбір сөз тап.
... –дық ...-тық ...-лық
...–лік ...-қыш ...-кіш

2. Мына сөздерден туынды сөз жаса
жұмыс, еңбек, бас, оқу, біл, ас

3. Түбір деген не?
4. Қосымша деген не?
5. Жұрнақ дегеніміз не?
6. Туынды сөз қалай жасалады?
7. Кітапхана сөзінің түбірі қалай?

Шығармашылық жұмыс
Қар жауады қалай?
Кімдер? жүр шапалақтап.
Балалар не? киеді.
Не? беттен сүйеді.

V Сабақты бекіту.
Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.
VI Сабақты бағалау. Оқушылар өздерінің қолдарындағы бағалау картасын көрсетеді. Әрбір орындалған тапсырмаларға 5 ұпайдан беріледі.
Бәйге Тіл өнері Жеті жұмбақ Дода Жорға Шығармашылық тапсырма
Барлығына қатысқан оқушы қазақ тілі пәні көшбасшысы болады.
VII Үйге тапсырма. «Жұрнақ» қайталау. 5-жаттығу көшіріп жазу.
18 161
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сөз және оның құрамы
Сөз және оның құрамы
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №10 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі: Елдесбаева Нұржамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×