Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір сөз және туынды сөз

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру. ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту. б) сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: ребус, жұмбақтар, сызбалар, т. б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.
Балалар, бәріміз қасымызда отырған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т. б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.
1. Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман. 2. Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3. Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз

ІІІ. Жаңа сабақ: Түбір сөз және туынды сөз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз: ерлік татулық жұмысшы
19 - жаттығу. Түбір сөзге тиісті жұрнақты қосып жаз.
Жұмыс - шы, дос - тық, сый - лық, талап - кер, қызмет - ші, дойбы - шы, ас - тық.
20 - жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.
21 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
22 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
23 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.
25 - жаттығу. Қай гүлге көбелек қонғанда жаңа сөз жасалады.
Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою
1. Түбір дегеніміз не? 2. Туынды сөз дегеніміз не?
3. Туынды сөзге мысал келтір.
Ү. Бағалау. Үйге: 31 - жаттығу.
Түбір сөз және туынды сөз. жүктеу
8 032
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді - өзің тексер (қайталау сабағы)
Өзіңді - өзің тексер (қайталау сабағы)
Оқушылардың қыстырма сөз туралы алған білімдерін тиянақтау. Өткен сабақтан алған білім - біліктерін арттыру.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
Оқушыларды жаңа «түбірлес сөздер» терминімен танысу, сөз құрамы туралы түсінігін қалыптастыру үшін топтық жұмысты ұйымдастыру. Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтарды қойып үйренуге, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге,
Түбір сөз бен туынды сөз
Түбір сөз бен туынды сөз
Түбір сөз бен туынды сөз туралы сабақ жоспары
Түбірлес сөздер
Түбірлес сөздер
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдушова Балғаным Жалғасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×