Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз және оның құрамы

03 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы
Сабақтың мақсаты: сөз құрамымен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту.
Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ және олардың өзіндік белгілері түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.
Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Сабақтың көрнекілік құрал - жабдықтары: символикалық тірек –сызбалар, сөйлем, суреттер, қима - қағаздар

Жоспар:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ.
ІV Жаңа сабақты бекіту.
V Қорытындылау.
VІ Үйге тапсырма.
VII Бағалау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс
5 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Отбасы мүшелеріне сипаттама бер. Өз әңгімеңде қарама - қарсы мағынадағы сөздерді қолдан.
Ережелерді қайталау.

Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Сөз және оның мағынасы

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Сөздің түбірі мен қосымшасын таба алу;
2. Түбір сөз және қосымшалы сөзді қатыстырып сөйлем құрай алу;
3. жұрнақ пен жалғауды бір - бірінен айыра алу;
4. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
• Сөз тек қана дыбыстардан емес, басқа да бөлшектерден құралады.
• Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз: қала, орман т. б.
Түбір сөздің белгісі –
Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз: қала - ға, орман - да, көше - де т. б.
• Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
Жұрнақтың белгіс -
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз: таудай, тазалық, асхана.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

(Тақтаға сөздер жазу) Сөздерді оқы. Бұлар қандай сөздер?
Күй, сыз, таза, жазу, ұш, іс, сый, көл, ем, ойын.
Сөздерге жұрнақ жалғау.
Түбір сөздердің мағыналары жұрнақ жалғанғанда қалай өзгергенін айт.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 747
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×