Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асыл мұра математика әлемінде

06 қазан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Асыл мұра математика әлемінде
Мақсаты мен міндеттері: Есептер шығару, өткенді қайталау, жүйелеу;
1. Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру
2. Дамытушылық: оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту; ұлттық дәстүрді, ұлттық педагогиканы дамыту.
3. Тәрбиелік: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру.
Сабақ түрі: даналық сабақ, қайталау сабағы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер топтамасы.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік,

Балалар бүгін біздің сабағымыз күндегіден ерекше. Біздің бүгінгі сабағымыз «Асыл мұра – математика әлемінде» деген даналық сабағы болмақ. Сендер бүгін бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бүгінгі күнге жеткен асыл мұралармен таныса отырып, соның негізінде математикадан алған білімдерді жетілдіру. Ата - бабамыз қандай асыл мұра қалдырып кеткен екен, оны білу үшін мына алдарында тұрған отауларды аралап, ондағы дүниелерді тамашалай отырып, білімімізді молайта түсейік.
Біздің мақсатымыз: - білім алу
Міндетіміз: - еңбек ету – олай болса, сабағымызды бастаймыз.

Сабағымызды бастамас бұрын өткенге бір шолу жасап өткенді жөн санап отырмыз. Ал балалар өткен жылы қазақ елі үшін қандай атаулы күндер және мерекелер болып өтті? Басты жаңалық ретінде Қазақ елінің дербес ел болып жеке мемлекет болып құрылғанына 550 жыл болды.
- Атазаңымызға 20 жыл.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қонақтары қазақ халқының хандары. Есіксіз жаңа болмайды есепсіз дана болмайды деп халқымыз бекер айтпаған.

І отау «Мақал - мәтелдер». Ендеше Керей хан тапсырмасын орындайық.
Керей хан алғаш болып қазақ хандығының құрылуына өзіндік үлесін қосқан, 1465 жылы қазақ елінің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып жеке дербес мемлекет болуында табандылық танытқан, қазақ хандығының аяққа тұрып кетіп енші алып жеке ел болуына ат салысқан қайраткер.
Көп көрген ата - бабамыз,
Солардан тәлім аламыз.
Иә, дұрыс айтасыңдар мақал - мәтелдер ата - бабаларымыздың көрген білгенін естіп тоқығанынан, түйген ой тұжырымдары.
Математикаға қатысты қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде соқпақ қалады, мың адам жүрген жерде жол қалады.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4. Жеті атасын білген ер, ел - жұртының қамын жер
Математикалық диктант;
7 - ге 21 мен 7 - нің бөліндісін қос.
7 - мен 21 - дің қосындысын 7 - есе кеміт
7 - ге 49 бен 7 - нің бөліндісін қос.

ІІ отау «Жұмбақтар» отауы. Отауымыздың қонағы «Жәңгір хан» тапсырмасы ол кісі жұмбақ ала келіпті...........................
......... Айтқан кезде жұмбақты,
Бала ойланып тұрмапты.
Мәні 56 - ға тең болатын өрнектерді тап;
54+6
65 - 6
32+22
67 - 9
47+9
78 - 2
52+4
86 - 30

ІІІ отауымыз «Санамақтар отауы» Қонағымыз «Кенесары хан». Хан тапсырмасы мынадай: қандай санамақ білесіңдер?
Он саусақты санап - ақ,
Үйренеміз санамақ.
Бірім - бір
Екім - екі
Үшім - үш
Төртім - төрт
Бесім - бес.......
Теңдеу шешу: х*3=70 - 40
х*5=25+15

Қарағанды облысы, Шет ауданы
Х. Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ
базасындағы тірек мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 268
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу мен азайту тақырыбының негізгі мәселелерін қайталап, білімдерін тиянақтау: - нумерациялық білім: ондықтар мен бірліктерден құралған сандарды жаза білу;
Масса және оның өлшем бірліктері
Масса және оның өлшем бірліктері
Мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру, масса және оның өлшем бірліктерімен таныстыру; Оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
Математикадан қайталау сабағы
Математикадан қайталау сабағы
Көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру, шапшаң есептеуге үйрету, есептердің шешуін табуға үйрету. Мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру
Геометриялық фигураларды әріппен белгілеу
Геометриялық фигураларды әріппен белгілеу
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Үнгітбаева Нұргүл
Көбейту белгісі. Оның компонеттері.Көбейтуге берілген есептер.
Көбейту белгісі. Оның компонеттері.Көбейтуге берілген есептер.
Көбейту белгісі. Оның компонеттері. Көбейтуге берілген есептер
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Атырау қаласы, Бизнес және құқық колледжі, математика пәні мұғалімі Мукашева Ажар Сабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер (математика-ағылшын кіріктірілген сабағы) Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, білім сайыс сабағы. Әдіс-тәсілі:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×