Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы сандарды қосу және азайту

20 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызықты математика 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың екі таңбалы сандарды қосу мен азайту тақырыбының негізгі мәселелерін қайталап, білімдерін тиянақтау: - нумерациялық білім: ондықтар мен бірліктерден құралған сандарды жаза білу;
- тура және кері сандар қатары, алдыңғы, кейінгі сандарды табу, сандардың орналасу ретін білу:
- қарапайым есептердің өтілген түрін шығара білу;
- есептер құрастыра және шығара білу; берілгенге кері есеп құрастыра білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту; меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды зеректікке, шапшаңдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке; оқу - білімге, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: интербелсенді тақта, түрлі дидактикалық материалдар, суреттер, ойындар.
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Амандасу
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
«Қайырлы таң ботам» - деп
Күлімдейді жан анам.
Қайырлы күн ұстазым!
Қайырлы күн достарым!
Қайырлы күн қонақтар!

ІІ. Психологиялық дайындық.
Көңіл - күйлеріңіз қалай?
Керемет (бас бармақтарын көрсету)
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Тамаша (қолдарын көтеру)
Ендеше бастайық.
О – о – о (шапалақ)
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- бір - бірлеріне сәттілік тілеу.

ІІІ. Қызығушылықтарын ояту.
«Гүлдерге орналастыр» ойыны.
Сандарды әуелі кему, сонан соң өсу ретімен орналастыр
51 47 26 48 36 55 23 19 21 32
МАҒЫНАНЫ ТАНУ.

ІҮ. «Ой қозғау» стратегиясы.
«Қай мысал шешілді?» ойыны. Мысалдар тақтада жазылған:
5+8 ---------- 4+6 -------- 6 - 6
10 +11 ------ 8+2 -------- 7+6
8+9 ---------- 6 - 2 -------- 9 - 3
Жауабы жазылған карточканы көрсетіп, қай мысалдың жауабы екенін табу керек.

Ү. Жаңа сабақ
Қызықты есептерді ауызша орындау.
1. Мұз айдында 11 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында 12 бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе - тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?
4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
6. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?

Қосу, азайту кестесін қайталау.
А) 9 бен 6 - ның айырмасы нешеге тең
Ә) Азайғыш 15, азайтқыш 8. Айырманың мәнін тап
Б) 10 - ды 3 бірлікке арттыр

ҮІ. Сергіту сәті
«Кім жылдам» ойыны. Оқушылар үш топқа бөлінеді әр топ шығарады.
«Жәрмеңке» Тапсырма: есепті шығару арқылы керекті затты сатып алады. (топтық жұмыс)
қалам
дәптер
карандаш
1 топ (7+2)+1
(5+5)- 5
(7+2)- 5
2 топ 5+(4 - 2)
6 -(4+1)
(10 - 3)+3
3 топ (20 - 10)+4
(35 - 22)+9
(66 - 15)- 23

ҮІІ. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
«Құстарды танисың ба?» Тапсырма: Құстың атын тауып жасырынған есепті шығар.
Қарға 62+30 Тауық 43 - 20
Үйрек 65 - 20 тоқылдақ 45+20
Қаз 36 - 10 Сауысқан 92 - 30
Торғай 23+20 Кептер 46 - 10
Аққу 85 - 20

ҮІІІ. РЕФЛЕКСИЯ.
Бағдаршам арқылы оқушы түсінгенін көрсетеді.
Өткізген: Қитаманова Ә. С.
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту жүктеу
6 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді аралас сандарды салыстыру.
Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптасады. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту әдістерін талдайды, және қорытынды жасайды, топта кестелік қосу және азайту мысалдарын қайталайды, есепке сәйкес сызба сала білу дағдылары
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу және азайту жағдайындағы білімдерін кеңейту. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есеп шығаруға деген қабілеттерін дамыту;
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×