Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлдер

12 қазан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 сынып
Cабақтың тақырыбы: Төлдер
Сабақтың мақсаты. Білімділігі: Оқушылардың жіңішке дауысты дыбыстар жайлы түсінік беру, төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейте отырып, малдың пайдасын ұғындыру.
Дамытушылығы: жіңішке дауысты дыбыстардың қолданылуын жаттығу жазу барысында нақтылай білу, ойын ұшқырлап, тілін дамыту
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, үй жануарларына деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа материалды түсіндіру
Түрі: Интерактивті тақта.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, слайд
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.

Үй тапсырмасын сұрау.
- Қозы өлеңін мәнерлеп оқыту.
Кіп - кішкене, момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
- Ереже сұрау
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, ө, і, ү

Пысықтау сұрақтары
1. Алфавитте неше әріп бар?
2. Сөйлем деген не?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Сөз неден құралады?
5. Дыбыс деген не?
6. Әріп деген не?
7. Дыбыс нешеге бөлінеді?
8. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
9. Жуан дауыстыларды ата
10. Жіңішке дауыстыларды ата

Жаңа сабақ. Төлдер
Қозы, лақ, құлын, бота, бұзау
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтан ТӨЛДЕР өлеңін ашайық, 40 бет.
ТӨЛДЕР
- Құлыным - ау, құлыным,
Неден сұлу тұлымың?
- Сіміріп су тұнығын,
Содан сұлу тұлымым.

- Ботақан - ау, ботақан,
Неден болдың, момақан?
- Менде өзіңдей балақан,
Момындықты жаратам.

Ә. Асылбеков
Әбдрахман Асылбек - 1 мамыр 1938 жыл Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы) - ақын.
1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.

Оқушыларға тізбектетіп оқыту
Дәптермен жұмыс
37 – жаттығу
Қой, ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.

Ойлан, тап! Қай түліктің дауысы.

Шығармашылық жұмыс
1 – топ: Жуан дауыстыларға бірнеше сөз жаз.
2 – топ: жіңішке дауыстыларға бірнеше сөз жаз.
3 – топ: бір буынды сөздер жаз.
4 – топ: құлын сөзін талда.

Сергіту сәті
1: Жуан дауыстылар. Қол көтер.
2: жіңішке дауыстылар. Қол шапалақ
3: дауыссыз дыбыстар. Аяқ топ - топ
Пысықтау.
Қорытындылау.
Топтастыру.

Атырау қаласы,
№9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп
Сынып жетекшісі: Даулетиярова С. Ғ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 486
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Қысқа мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 2 - сағат
"Төлдер" 35 - 36 - жаттығу
"Төлдер" 35 - 36 - жаттығу
Жіңішке дауысты дыбыстардың қолданылуын жаттығу жазу барысында нақтылай білу, ойын ұшқырлап, тілін дамыту Еңбекқорлыққа, үй жануарларына деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Әнші төлдер
Әнші төлдер
Ақтау қаласы №21 орта мектеп. бастауыш сынып мұғалімі Жұмасатова Ғайни
Қозы-қошақандар. Жіңішке дауыстылар
Қозы-қошақандар. Жіңішке дауыстылар
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия Майрамбаевна
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×