Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шағын жинақты сыныптарға арналаған сабақ жоспары

15 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы
Сарысай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Умарова Гүлнар Темиргалиевна

Шағын жинақты сыныптарға арналаған жоспар
Әдебиеттік оқу
3-сынып
Сабақ тақырыбы: Ата Заң (Қ.Айтолқын)
Сабақ мақсаты: 1) Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқыту, Ата заң туралы ұғыммен таныстыру, өмірдегі қолданысы жөнінде, тараулары туралы мәлімет беру;
2) Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту;
3) Ата заңның бағасын білуге, басты құжатты құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі, типі: жаңа, дәріс сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік, ойын
Көрнекіліктер: ҚР конституциясы, топтастыру, сызба, слайд.
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру сәті.
Сабақтың ұраны: Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

2.Үй жұмысын сұрау:
- Қоңырау қай кезде соғылады?
- Күз мезгілінің айларын ата.
- Мектепті неге анаға теңейді?
- Алғашқы қоңырау күні балалар неге қуанады?
-Н.Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін жатқа айтқызу.

3.Қызығушылығын ояту:
Ой қозғау сұрақтары.
- Заң деген сөзді қалай түсінесің?
- Заңға бағыну деген не?
- Құқық деген не?
- Тәуелсіз мемлекетке заң не үшін керек?
- Бізде Ата заң күні қашан тойланады?
Бұрынғы ата-бабаларымыз қандай заңмен жұмыс жасағанын көрейік.
1-слайд. «Тарихқа шолу»
Шыңғыс ханның «Үш жасағы»
Қасым ханның «Қысқа жолы»
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Қазіргі кезде Конституция бойынша заңмен реттеледі.
2-слайд. «Ата Заң»
«Конституция» - латын тілінен аударғанда «құрылым», «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді.

Әдебиеттік оқу
4-сынып
Сабақ тақырыбы: Біздің Заң (Х.Ерғалиев)

Сабақ мақсаты: 1) Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқыту, Ата заң туралы ұғыммен таныстыру, өмірдегі қолданысы жөнінде, тараулары туралы мәлімет беру;
2) Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту;
3) Ата заңның бағасын білуге, басты құжатты құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі , типі: жаңа, дәріс сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік, ойын
Көрнекіліктер: ҚР конституциясы, топтастыру, сызба, слайд.
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру сәті.
Сабақтың ұраны: Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

2.Үй жұмысын сұрау:
Оқушылар үйге берілген К.Ахметованың «Қазағым» деген өлеңіне сүйене отырып, үлестірмелі кестелерді толтырады.
Салт-дәстүрлеріміз Атақты батырлар Шешендер, билер

Асыл қасиеттері мінезі хандарымыз

3.Қызығушылығын ояту:
Ой қозғау сұрақтары.
- Заң деген сөзді қалай түсінесің?
- Заңға бағыну деген не?
- Құқық деген не?
- Тәуелсіз мемлекетке заң не үшін керек?
- Бізде Ата заң күні қашан тойланады?
Бұрынғы ата-бабаларымыз қандай заңмен жұмыс жасағанын көрейік.
1-слайд. «Тарихқа шолу»
Шыңғыс ханның «Үш жасағы»
Қасым ханның «Қысқа жолы»
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Қазіргі кезде Конституция бойынша заңмен реттеледі.
2-слайд. «Ата Заң»
«Конституция» - латын тілінен аударғанда «құрылым», «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді.

4.Мағынаны ашу:
Біз бүгін екі сыныпта да Ата заң туралы оқып, танысамыз.
1) Оқулықпен жұмыс.
Қ.Айтолқынның «Ата Заң» өлеңін оқулықтан мәнерлеп, тізбектей оқыту.
2) Жұппен жұмыс.
Әр жұп өлеңнің шумақтарының мазмұнын түсіндіруге дайындалады.

Сергіту сәті.
3-слайд. «Қызыл, сары, көк ауыл»
1-ауыл көк
2-ауыл.қызыл
3-ауыл. сары
Оқушылар үш топқа бөлінеді. 3 топқа 3 түрлі лента беріледі. Мұғалім:
«Жер енді жаратылғанда, адамдар бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан 3 түрлі лента түсіп, адамдар 3-еуін бөліп алып, сол түс бойынша бөлініп кетіпті. (Осы кезде оқушылар өздерінің лентасымен қоршалып отырады.) Осыдан кейін адамдар достықты ұмытады. Бір күні көк ауылда су бар, азық жоқ. Қызыл ауылда азық бар, су жоқ. Сары ауылда азық та, су да бар, отын жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады? Не істейсіздер?»
Оқушы жауаптары тыңдалады.

Мұғалім сөзі:
«Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз.Құқықтық тілмен айтқанда, бұл заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Бүгінгі біздің оқып жатқан өлеңдеріміз де сол Заңның еліміздің ең басты құжат екенін баяндайды.»

5.Ой қорыту.
4-слайд
1) Қайсысы заң, қайсысы ереже?
«Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының парыз және міндеті»
«Көшеде дұрыс жүруді үйрен.»
2) Қайсысы бұрыс? Дәлелде
«Заңды барлық адамдар орындауы керек»
«Заңды орындау міндетті емес»
3) Аяқталмаған сөйлем.
Егер мен күнде сабаққа кешігіп келсем, ...
Егер мен мектептің терезесін сындырып алсам, ......

6.Сабақты бекіту:
- Заң адамдарға не үшін қажет?
- Заңгер деген кім?
- Күнделікті өмірде қандай заңдарды орындап жүрміз?
- Заң болмаса, өмірде не болар еді?

7. Бағалау
8. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, мектеп өміріндегі қолданылатын заңдарды біліп келу;
Сабаққа пайдаланған слайдтар:
17 973
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілің — арың бұл! Тіл туралы шығарма
Ана тілің — арың бұл! Тіл туралы шығарма
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу. Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Білімділер» порталы оқушылар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты шығарма сайысын ұйымдастырады.
П дыбысы және әрпі
П дыбысы және әрпі
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш класс мұғалімі: Абилова Луна Аққазиқызы
Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Ыстық жерде, жылуы мол жерде өсетін өсімдіктер бар. Олардың тұқымы тек сәуір айында егіледі. Ерте ексе салқынға шыдамай үсіп кетеді. Ол өсімдіктер негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×