Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

23 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы,
Әйтеке би кенті, №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ж дыбысымен таныстыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату, жасауға үйрету. Ж дыбысының әрпімен таныстыру, әріп элементтерін дұрыс жазуға, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылығы: сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, дыбыстық талдау картасы, буындар, кеспе әріптер.
Әдісі: түсіндіру әдісі, ойната отырып оқыту әдісі.
Пәнаралық байланысы: дүниетану.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: аралас

Сабақтың барысы: Сабаққа назар аудару. Психологиялық дайындық.
(жақсы тілектер ойлау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мәтінді
оқыту.
Әліппе серігі (кітабы бойынша жұмыс). Өткен әріптерге байланысты тақпақтарды қайталау.
ІІІ Жаңа сабақ. (Аңыз әңгімеден басталады). Ертеде орманда бір жолбарыс өмір сүріпті. Жолбарыс аяңдап келе жатса, ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр екен. Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен. Өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей, жөн сұрапты.
- Ау, сорайған, сен кім боласың?
Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп: - «Мен бе, ж-ж-ж-ж-жи-жи-жирафпын ғой», -деп әрең тіл қатыпты.
- «Атың екен, ж-ж-ж-жи-жи-жираф, ж-ж-ж-жи-жи-жираф», - деп қайталап жолбарыс жөніне кетеді.
Жираф та аман-есен құтылғанына қуанып «ж-ж-ж-жуф» деп демалады.
-Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?
Балалар: ж-ж-ж-жи-жи-жираф», - деп айтады.
- Ал кәне, балалар, бүгін біз Ж дыбысымен танысамыз. (Үш рет дыбыстату.)
Ж дыбысын дұрыс дыбыстату үшін буындарды атай отырып, сөз ойлау.
Жа-жа-жақсы
Же-же-жеміс
Аз-аз-жаз
Жу-жу-жуас
Оқулықпен жұмыс. Бағандағы сөздерді оқыту.(хормен)

Мәтінмен жұмыс. Тексті мәнерлеп оқу.
Дәптермен жұмыс істеу. Көркем жазу.

Сергіту сәті.
Кестемен жұмыс. Әріптерден сөз құрау. Мысалы: Жарас, Отан, Ана т.б.
Осы сөздерден сөйлем құрау.

Дидактикалық ойын.
«Ж» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына қарап, әрбір сөзді қажет сандыққа сал:
Жасыл, астық, Олжас, жылан, қожа, мұқтаж, олжа, жол.
Қорытындылау.
- Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әріппен таныстық?
Ж дыбысы қандай дыбыс?
Дауысты ма? Дауыссыз ба?
Сөздердің көбінесе қай жерлерінде кездеседі басында ма, аяғында ма, ортасында ма?
Мадақтау. Үйге тапсырма беру.
7 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ң дыбысы мен әрпі
Ң дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әріпі
Ж дыбысы мен әріпі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы орта білім беру мектебі"КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Қалабазарова Жанна Әлсейітқызы
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×