Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.

27 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Ана тілі.
Мақсаты:
1. Оқушыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту
3. Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтің мысал – өлеңінде Шыбын Араға не деді? Ара оған неге бірден келісе салмады? Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген? Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Кесте бойынша өзіңнің сипаттауың жайлы не айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 3 класта қандай шығармасымен таныстық? («Кедей» өлең) Онда не жайлы еді? Кедей деп кімдерді атаған?

Ү. Жаңа сабақ:
Кіріспе. Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды ақын әрі жазушы.(1893 - 1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс - қылығын әшкерелейді.
Кітаппен жұмыс. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалын түсініп, жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс.
Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян – залал, зақым.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез - құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез - құлқын байқауға болады? 2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал - мәтел ізде. Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық
Сұлтанмахмұт Торайғыров жөнінде не білесің? Арыстан (қандай?) Тышқан (қандай?)

ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу, мысалды жалғастырып көр.
2. Бағалау.
2 395
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көмектес септік
Көмектес септік
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар,
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байгуттина Гулжиян Сабировна
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Бастауыш сынып мұғалімі: Мусина Айнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×