Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров

21 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4 сынып
Cабақтың тақырыбы: Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров.
Сабақтың мақсаты: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, сызба

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа даярлық. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе: Автор туралы қысқаша дерек.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар.
Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
1. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.
2. Тірек сызба бойынша мысалды талдау.
3. Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме, сипаттама беру.

Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.
Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі.
«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
«Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?
Мысал бойынша мақал - мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі.
1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
2. Қонақ асыңа емес, қабақ - қасыңа риза.
3. Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Қорыту. - Шыбын Араға не деді? – Ара оған неге
Үйге тапсырма: Ара мен Шыбын мәнерлеп оқу, кестені толтыру.
Бағалау.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров. жүктеу
2 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көмектес септік
Көмектес септік
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар,
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Оспанхан Әубәкіров Ара мен шыбын
Оспанхан Әубәкіров Ара мен шыбын
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Диханова Райхан Ахытқызы
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байгуттина Гулжиян Сабировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×