Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен елімнің патриотымын!

08 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сынып сағаты тақырыбы: Мен елімнің патриотымын!
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне Отанға деген мақтаныш, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы патриоттық жауапкершілік сезімдерін ояту, болашақта елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. «Патриот» сөзінің мағынасының терең мәнін түсіндіріп өту.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, бейнеролик, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

І топ: Отанды сүю – от басынан басталады. Өйткені,...............................................
........................................................................................................................................................................
ІІ топ: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» дегеніміз.........................
........................................................................................................................................................................
ІІ. Жаңа тақырып. Сұрақ - жауап.

- Балалар, «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?.......................................................

- «Патриот адам» қандай болу керек деп ойлайсыздар?

.........................................................................................

ІІІ. Тақтамен жұмыс: /слайд арқылы көрсету/
«Патриот» болудың өсиетті сөздері
Әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екен білесіз бе?

төлемақысыз білім алу...................................................
дәрігерге қаралу..................................................
бір - бірімен қарым - қатынас жасау.................................................
«... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» Бірақ нағыз азамат болу оңай емес. Ол үшін........................................................................................................................................
Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады. Мұндай заңдылықтар біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтеміз, сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.
Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.

/Слайд көріп шыққаннан кейін/
Сіздер, кішкентай балапандар, еліміздің болашағысыздар...
«Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
Міне, осы өсиеттерді есте сақтау әркімге де қажет.

ІV. Шығармашылық жұмыс: а) (оқушы ойын суреттеп жеткізуі)
Елге деген сезіміміз бен құрметімізді суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?

ә) Тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдер жазу:
1. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
..........................................................................................................................................................
(мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, оқушылардың пікірлерін тыңдау)

V. Қорытындылау: сұрақ - жауап, сурет талдау.
Міне, жас ұлан, енді осының барлығын кішкене жүректеріңе тоқып алсаңыздар келешекте жақсы да сенімді Қазақ елінің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боласыздар, деп Отаның, елің, ата - анаң, ұстаздарың сіздерден үлкен үміт күтуде...
Мадақтау: Сынып сағатына өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, қорытындылау.

Атырау облысы,
Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Хамза Санбаев атындағы орта мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Мансариева Нургуль Темирбаевна

Мен елімнің патриотымын! жүктеу
3 099
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!
Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Мен елімнің кішкене азаматымын!
Мен елімнің кішкене азаматымын!
ЖББОМ № 65 мектеп. Мектепке даярлық тобының ұйымдастырған ашық сабағы. мұғалімі: Бекова Ақбота Токеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×