Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.

04 сәуір 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жезказған қаласы
№10 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдраимова Женисгул Абибуллаевна

Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.( 1 сынып)
Заттың сынын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:
а)Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен тауып,дұрыс сұрақ қоя білуге
үйрету.
ә)Тапсырмаларды дұрыс орындауға, ақыл-ойын, логикалық жүйесін дамыту байқағыштыққа, адамгершілікке жазылу калиграфиясын сөздік қорын күнделікті сөйлеу түрін жетілдіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға жинақтылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызба, т.б
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Сабаққа керек құралдарын түгелдеу.
ІІ. Қайталау пысықтау:

- Үйге берген тапсырманы 4-5 балаға оқыту.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем айларын атаңдаршы?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?- деп сұрау

Тірек сызбасымен жұмыс істеу
секіреді, келді
Лақ ойнайды
Сәуле жазды
жүгіреді,оқыды

ІІІ.Жаңа сабақ:

Кіріспе сөз:
Қай елдің болса да Әдет-ғұрпы салт-санасы бар. Біздің қазақ халқының да салт әдет-ғұрпы бар. Батаны қай уақытта береді?- деп алып түсіндіру. Батаны үлкен кісілер, ата - әжелер ауыл ақсақалдары береді.
Ол сәби дүниеге келгенде, алыс жолға шыққанда, қыз ұзатқанда, той болғанда береді. Және де күнде тамақтан соң бата беріледі. Әр тойдың дастархан басшысы әр түрлі болады. Алдымызда қандай мереке келе жатыр? Наурыз мерекесі деп алып түсіндіру. Сонда жылдан жылға аман-есен жетелік деп бата беріледі.

Кітаппен жұмыс: «Атаның ең батасы»
- Оқу.
- Мазмұнын оқыту түсіндіру.
- Енді балалар кім бата береді?
сұрау 4-5 баладан.

Дәптермен жұмыс.
Мынау не?- Алма
Түрі қандай?- қызыл
Көлемі қандай?- үлкен
Дәмі қандай?- тәтті
Ендеше балалар заттың сынын білдіретін сөздер қандай? қай?- деген сұраққа жауап береді.

121-жаттығу.
Өлеңді оқып қарамен жазылған сөздерді жаздырып, сұрақ қою.
Қандай - қызыл, сары, жасыл, қоңыр, сары, көк

122-жаттығу.
1.Қандай үй?- биік үй
2.Қандай орамал?- қызыл орамал
3.Қандай қайшы?- өткір қайшы
4.Қандай бала?- ақылды бала

Ойын: «Кім тез»
Заттың сынын білдіретін сөздерді айтқызу.

Тірек сызба
Қысқа - биік
Көйлек - ұзын Үй - аласа
әдемі, зәулім

Қорытындылау:
Сұрақ қоя отырып, бағалау.
11 776
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сын есім
Сын есім
Сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×