Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, кеңейту. Өлеңдердің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1 Білімділік: Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, сұрақ қоюға үйрету.
2. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы есте сақтау және сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сауатты көркем жазуға баулу.
3 Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, плакат, оқулық.
Сабақтың типі: Оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын бекіту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: Үлестірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап, әңгіме, ойын, тест, ізденушілік.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, дүниетану, музыка.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Ұранымыз:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз
Бәрін білуге ұмтыламыз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Сандарды тура сана ----------- Сандарды кері сана
Ә Ш Е Б Й Ш К Е ----------------- У Қ З Ы Ж А А Н
2 4 5 1 3 6 8 7 ------------------- 6 5 3 2 8 7 4 1
Бәйшешек Жауқазын сөздеріне сұрақтар қойылады. Не? Нелер?
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
«Бәйшешек» өлеңін жатқа сұрау.

3 Жаңа сабақ.
Бұл қай кезде болады? өлеңін оқу.
Қар еріп, Жылғалардан су ағып
Құстар келіп, ән салып
Жер көгерер бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? Көктем
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем аруы: Балалар мені құтқарыңдар. Мені Қыс ханшайымы жібермей отыр.
Қыс ханшайымы: Көктем аруын босатпаймын Егер де оны жіберетін болсам мен еріп кетемін. Ал менің кеткім келмейді. Менің бораным қаһарлы аязыма ешкім төтеп бере алмайды.. Менен ешкім көктемді құтқара алмайды. Аха ха
- Ал балалар көктемге көмектесеміз бе?
- Иә
- Олай болса көктемді білімімізбен құтқарайық.
1 кедергі бораннан өту.
Күннің жадын жазу.
Көркем жазу минуты:
Көктем
наурыз
4. Оқулықпен жұмыс
1. Көктем мәтінін оқу
2. Көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
3. Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.

5. Семантикалық кесте толтыру
№ Заттың атын білдіретін сөздер. Кім? Кімдер? Не? Нелер?
1 Ара --------------------------------------------------------------+
2 Кірпілер ---------------------------------------------------------------+
3 Қоян ------------------------------------------------------------+
4 Шопан ---------------------------------------+
5 Ғалымдар ----------------------------------------+

6. Сергіту сәті.
Кім көп біледі? Ойынын ойнату
Кім? Сұрағына жауап беретін сөздер айту.
7. 93 - жаттығу.
1. Сөздерді оқыңдар.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Туыстықты білдіретін сөздер:.........................
Кәсіп иесін білдіретін сөздер:..............................
3. Жазған сөздеріңе сұрақ қойыңдар. (Кім?)
8. Жоғалған сөзді тап.
Не? ------------------------------- Кім?
........... құлындайды .......... емдейді.
........... қоздайды ............... тігеді.
........... боталайды ............. оқытады.
........... бұзаулайды ............. жазады.
8. Сәйкестендіру тесті. Адасқан сөздер.
Бұлбұл ақырады.
Қарға сайрайды.
Аю қарқылдайды.
9. Көктем аруы: Достарым сіздерге көп рахмет. Мені құтқардыңдар. Сіздерге алғысым шексіз. Енді мен сіздермен 3 ай бірге боламын. Барлық табиғат атаулыға жан бітіріп тіршілік сыйлаймын. Осының бәріне әлі куә боласыздар. Сау болыңдар!
- Ал балалар көктемнің алғашқы мерекесі қандай?
- Аналар мерекесі.

10. Оқулықпен жұмыс.
Апама Анаға сыйлаймыз. өлеңдерін оқу.
Бекіту. «Гүл теру» ойыны.
Гүлдердің артында сұрақтар жазылған. Сұрақтарға жауа беріп гүлді анасына сыйлайды.

Үйге тапсырма. Аналар мерекесіне арнап құттықтау жазу.
Бағалау.
7 171
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау, еске түсіру;
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Көп затты білдіретін сөзді тап а) кітап ә) балалар б) киім
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×