Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбектің наны тәтті

25 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Еңбектің наны тәтті
Мақсаты: Адам еңбегін бағалай білуге, нанның дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсінеді, еңбек адамдарын сыйлай білуді үйренеді; оқушыларды мәнерлеп оқи білуге машықтанады.
Көрнекілігі : Суреттер, мақал - мәтелдер т. б.

Барысы.
Тыныштық сәті.
Жан - жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды

Ойланайық, пікірлесейік!
- Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
Адамның еңбегі - саналы еңбек, оған өзің де мысал келтіріп айтуыңа болады.
Тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті.
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

Оқып үйренейік! «Еңбекпен тапқан тиын»
Жағдаяттарды талдау
Тапсырма: Еңбек түрлерін ата
Дәйексөз
Сергіту сәті
Болайықшы осындай.
Сөзі мен әні – А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досы - ай!

Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

Сахналау «Қайдан елдің бауырсақ?»
Дәптермен жұмыс
«Еңбек - бақыт бастауы»

Еңбек қоғамы Н. Назарбаев туралы
Тыныштық сәті
Еңбек
Жасампаз төрді түлетіп,
Жаңғыртқан қайта мың рет.
Шөлейтті жерді гүл етіп,
Жайқалтқан мен бір құдірет.
Бәрі де менің жеңісім,
Зейнетім, демек жемісім.
Шалқыған астық — кенішім,
Ырысты бейбіт ел үшін!
Шаттықтың әнін тербеткен,
Көресің мені жер - көктен,
Ерліктің туын өрлеткен,
Өркендеп ғалым еңбекпен.
Сондықтан ойлап ертеңді,
Сүйіп өс маған табын да.
Еңбекпен өмір өркенді,
Еңбекпен келер бағың да.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
Рухани азығым –
Осы екеуі деңіз де.
Дейді атам «Білімді
Еңбекпенен сен ізде!»
Еңбек етсем, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!

Мұғалім: Нугманова Гулнар Есбергеновна

Еңбектің наны тәтті жүктеу
15 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.
Қуаныш – жан жылуы
Қуаныш – жан жылуы
Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой - өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.
Еңбек – ер атандырады
Еңбек – ер атандырады
Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет Қасиеттер: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық. Сабақ мақсаты: Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқитқа көз жеткізіп,
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×