Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)

11 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын» (грузин ертегісі)
Мақсаты:
а) білімділік: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегідегі негізгі ойды ұғындыру
ә) тәрбиелік: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық:, Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ертегіні қорытындылауға баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сюжетті суреттер, мақал - мәтелдер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»
1. Мәтінді оқыту
2. Әңгіменің мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу
1. Құрылыста
2. Мақтаншақ машина
3. Батпаққа батқан көлік
4. Көмек

«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.
«Ой ашар»
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
(Оқушы жауаптары)
Мақсат қою кезеңі Олай болса осы тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін еңбек туралы ертегімен танысамыз.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:
- Ертегі деген не, балалар?
- Ауызша жеткен халық шығармаларының түрі.
- Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?

Қиял - ғажайып ертегілері
Жан – жануарлар туралы ертегілер
Шыншыл ертегілер

.- Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз.
Кіріспе әңгіме
Грузин ұлты. Грузия мемлекетінің халқы. Олар грузин тілінде сөйлейді. Грузия мемлекетінің астанасы - Тбилиси. Бұл ел мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым - қатынас орнады.
(Грузиндердің ұлттық киімімен түскен суретін көрсету)

1. Мұғалімнің ертегінің мазмұнын әңгімелеуі.
(ертегі желісі бойынша суреттер пайдалану)
Сөздік жұмыс:
Кәрілік - қартайып, қарт
Тірнектеп - еңбектеніп
Ымырт жабылған - қараңғы түскенг мезгіл
Бұлжытпай - екі етпей, айтқанын тыңдау

Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға тізбектей оқыту
Мәтінмен жұмыс
Оқылған мәтін бойынша сұрақтар беру
- Ертегі кім туралы?
- Қарт әйеліне не деді?
- Жаны ашыған анасы қандай әрекет жасады?
- Бұл істің арты немен аяқталды?
- Анасы баласына қандай кеңес берді?
- Ал, баласы анасының тілін алды ма?
- Әкесі баласына не деді?
Сергіту сәті «Болайықшы осындай»
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
.......................толады.
.............................
.............................
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы осындай.

Шығармашылық жұмыс
1Ертегі кейіпкерлерін ата.
2. Кейіпкерлерге мінездеме беру
(Әке, ана, бала)

3. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
4.. Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс:
Ертегінің басты кейіпкері кім?
Ертегіге сүйеніп кестені толтыру

Тиын ---------------------- Әкесінің әрекеті ----- Баласының әрекеті
Еңбексіз тапқан -------- Отқа лақтырды ------- Жымиып, шығып кетті
Еңбекпен тапқан ------- Отқа лақтырды ------- Жалаңаш қолымен суырып алды

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Өткен сабақта оқытылған мәтін мен ертегіні салыстыру
Ер еңбекте сыналады. (Әңгіме) Жекен Жұмаханов - мақтаншақтық
Ұқсастығы: Еңбек туралы
Еңбекпен тапқан тиын (Ертегі) Халық, жалқаулық
Ой толғаныс.
- «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
- Шыншыл ертегі. Себебі бұл ертегіде баланың ақшаны өз еңбегімен тапқаны жөнінде айтылады.
Сабақ басында еңбек туралы бірнеше мақал - мәтел айттық. Сол мақалдардың қайсысы бүгінгі ертегінің мазмұнына сәйкес келеді?
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
ІХ. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Әңгіме кестесі»
Ертегі немен аяқталды?
Нені үйрендің?
Х. Үйге тапсырма: Ертегіні түсініп оқу
ХІ. Балаларды мадақтау.
18 055
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып бақ ертегісі
Ғажайып бақ ертегісі
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, ертегінің сюжетін ұғындыру, сөз өнерінің әдемі кестелері арқылы оқушының сөздік қорын байытып, мәнді, мағыналы сөйлеуге жаттықтыру.
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Рөлге бөліп, оқуға төселдіру. Ертегіні сахналап көрсету. Сұрақ қою арқылы жан - дақты ойлауға үйрету. Дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
1. Мұхтар Әуезовтің шығармасы? а Қыс в Күз с Боран
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалиева Динара
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×